«ЖАСЫЛ КІТАПХАНАДА»

Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаев биылғы жылды "Балалар жылы" деп жариялады. Балаларды қорғау мақсатында денсаулық сақтау, білім беру және әлеуметтік қамсыздандыру салалары бойынша нақты іс-шаралардың жасалу керектігін қадап айтты.

Осыған орайда балалар мен жасөспірімдердің жазғы демалысын тиімді ұйымдастыру үшін аудандық кітапханада "Жасыл кітапханаДА" атты ашық аспан астындағы алаңның салтанатты ашылуы болып өтті.

Салтанатты шараға аудан әкімінің орынбасары Абуов Бақберген Талғатұлы,

Аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Сапарғалиев Ерболат Мұхтарұлы,

Орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің директоры Мусагалиева Роза Сәкенқызы

және ата-аналар, оқырмандар қатысты.

Аудан әкімінің орынбасары Бақберген Талғатұлы құттықтау сөз сөйлеп оқырмандарды кітап оқуға, жазғы демалыста кітаппен дос болуға шақырды.

Кітап оқуға ынталандыруға мақсатында тұрақты оқырмандарға бағалы сыйлықтар сыйланды. Атап айтсақ кітапхананың тұрақты оқырманы, шаралардың белсенді қатысушысы Абай атындағы мектеп-,гимназиясының 6-сынып оқушысы Есболат Көркемайға велосипед, М.Әуезов атындағы #2 ЖББОМ 1-сынып оқушысы Сәрсенбай Толғанайға сомакат табысталды.

Сыйлықтар демеушілер есебінен алынды.

Кітапхананың жан-жақты оқырмандары ән айтып, би биледі.

Осы орайда оқырмандарға арнап ертегі кейіпкерлерінің дефильесі болды.

Шара одан әрі сыйқырлы бояулар әлемі, әдеби квестпен жалғасты.

Көгалдың үстінде қойылған малберттерге жас суретшілер өз қиялдарымен сурет салды.

Алаңның бір шетінде "ерте, ерте, ертеде" бұрышы орналастырылған. Әжелер кішкентай оқырмандарға кітап оқып отырды.

Үлкен кітап көрмесі жасақталып түрлі тақырыптағы әдебиеттер қойылды.

Шара соңында келген оқырмандар ертегі кейіпкерімен суретке түсті .

"Жасыл кітапханаДА" алаңы үш ай жаз бойы оқырмандарға қызмет ететін болады. Алаңда әр бейсенбі кешкі уақытта түрлі тақырыпта әдеби векториналар, квест ойындар, әдеби орындық, ертегі кейіпкерімен фото-зона, қуыршақтар қойылымы, алау жанындағы көңілді әуендер, кітап көрмелерінің таныстырылымы, қызықты мультфильмдер сіздерді асыға күтеді.

Осы орайда ашық аспан астындағы кітапхана есігі әр оқырман үшін ашық!

Мемлекеттік рәміздер

Директор блогы

Мусағалиева Роза Сакенқызы

Блогқа өту

Баннерлер

  • 01
  • 02
  • 03
  • 04

Жол жүру сұлбасы

Батыс Қазақстан облысы, Ақжайық ауданы, Чапаев ауылы, Қонаев көшесі 73 үй
ДС-ЖМ 09:00-18:00