2021 жылы 13 желтоқсан «Рухани жаңғыру: болашаққа бағдар» бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай «Тәуелсіздікке тарту» салтанатты шарасы аясында ақиық ақын, Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі, КСРО және ҚР мемлекеттік сыйлықтарының иегері Жұбан Молдағалиевтің жеке тұтынған жәдігерлерінен жасақталған «Жұбан» бөлмесінің ашылу салтанаты және шығармашыл оқырмандардың шығармашылығын дамыту мақсатындағы құрылған «7 МУЗА» Қоғамдық бірлестігінің таныстырылымы, еліміздің сарабдал саясатын, бекем бағытын қолдаған Ақжайық ауданының еңбегін әйгілейтін «Тәуелсіздік шежіресі: Ақжайық ауданы 2011-2021» кітабының, «Тәуелсіздік - тұғырым» фото-шежіресінің презентациясы өтті
Тәуелсіздіктің даңқты датасына арналған «Тәуелсіздікке тарту» салтанатты шарасы даңқты жерлесіміз, аты алаштан асып, әлемге әйгілі болған ақын, белгілі қоғам қайраткері, «Мен – қазақпын!» деп жаһанға жар салған Жұбан ақынға арналған бөлменің ашылумен басталды.
Ақын бөлмесіне аудан әкімі Қалияр Шадиярұлының қолдауымен, Қурайлысай ауылдық округі әкімі Жапашев Орынбек Талғатұлының отбасы және аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесі директоры Мусағалиева Роза Сәкенқызының өскелең ұрпаққа, жерлестерге мұра ретінде туған жеріне жеткізілуіне септігін тигізген, қазақ зиялыларының қара шаңырағы Жазушылар Одағында Жұбан ақынның қызмет еткен шағында тұтынған жиһаздарды және ақынның жеке кітапханасынан алынған кітаптар, ақынның туынды кітаптары, электронды басылымдардан жинақталған. Салтанатты шара шығармашыл оқырмандардың шығармашылығын дамыту мақсатындағы құрылған «7 МУЗА» Қоғамдық бірлестігінің таныстырылымымен жалғасты. Қоғамдық бірлестік жетекшісі С.Бисенғалиев «7 МУЗАның» мақсат-мұратымен таныстырса, шығармашыл жас ақындар мүшелікке қабылданып, жырдан шашу шашты. Елбасы бағдарламаларын жүзеге асыру бағытында шығармашылық оқырмандар арасында алтын көпір болу, олардың шығармашылығын насихаттау, әдеби-мәдени интеллигенцияның бас қосар орталығына айналу мақсатында меморандумға қол қойылады.
«Тәуелсіздікке тарту» салтанатты шарасында «Тәуелсіздік шежіресі: Ақжайық ауданы 2011-2021» және «Тәуелсіздік - тұғырым» фото-шежіре басылымдарының лентасы қиылды.
Аталмыш шараға аудан әкімі Қалияр Шадиярұлы Айтмұхамбетов, басылым редакторлары, еңбек ардагерлері, мекеме, бөлім басшылары, аудан кітапханашылары, жастар қоғамдық бірлестіктері, ауыл тұрғындары, БАҚ өкілдері және түрлі жас шамасындағы кітапхана оқырмандары қатысты.