Жұбан Молдағалиевтың 100 жылдығына арналған шаралар

"Мен қазақпын" деп барша әлемге жар салған рухты ақын, қоғам қайраткері Жұбан Молдағалиевтың 100 жылдығына арналған шаралар ақынның туған жері Сайқұдық ауылында басталды.

Жұбан Молдағалиев атындағы мектеп алдындағы ақынның бюстіне шоқтарын қою рәсімімен басталып, мектептегі ақынның мұражайымен танысып, ауылдық кітапхана алдындағы ауылдан шыққан танымал тұлғалар бейнеленген "Сайқұдық саңлақтары" аллеясымен және ақынның 90 жылдығына арнайы қойылған "Тәу-тұғыры" белгісімен танысты.

Шараға аудан әкімі Қалияр Айтмұхамбетов, Ақжайық ауданының «Құрметті азаматы», әйгілі композитор, өнер зерттеушісі Ілия Жақанов, ақын, ұстаз, жұбантанушы Үзілдік Елеубайқызы, ақындар, еңбек ардагерлері қатысты.

Шара Жұбан ауылында жалғасып, аудан әкімі Қалияр Айтмұхамбетов құттықтау сөз сөйлеп, ақын өлеңдері оқылып, ақынның ескерткішіне гүл-шоқтарын қою рәсімі өтті.

Кейін Жұбан ауылдық кітапханасындағы барлық форматтағы ақпараттық ресурстарды пайдалануға арналған, өзін-өзі қамту бұрышы, үлкен кісілерге уақытын тиімді өткізетін орынмен және жастарға арналған түрлі үйірмелер орналасқан заманауи «I - LIB» комьюнити орталығы ашылды.

Содан кейін мәдениет үйінде Жұбан Молдағалиевтің 100 жылдығына арналған салтанатты шарамен жалғасты. Шара ақынның өмір жолы мен ерлігін дәріптеген бейнефильм тамашалаумен басталып, Ақжайық ауданы әкімдігі ұйымдастырған «Алаштың асыл ардағы» атты аймақтық байқаудың және «Жұбанын әлдилейді Ақжайығы» атты аймақтық ән байқауының жүлдегерлері мен жеңімпаздары марапатталды.

Сахнада ақынның өлеңдері оқылып, әндері шырқалды.

Мемлекеттік рәміздер

Директор блогы

Мусағалиева Роза Сакенқызы

Блогқа өту

Баннерлер

  • 01
  • 02
  • 03
  • 04

Жол жүру сұлбасы

Батыс Қазақстан облысы, Ақжайық ауданы, Чапаев ауылы, Қонаев көшесі 73 үй
ДС-ЖМ 09:00-18:00