Бүгінгі күні Алаштың ақиық ақыны Жұбан Молдағалиевтің туғанына 100 жыл толуы қарсаңында ауданымыздың барлық мәдени ошақтары, білім ордаларында өтетін мәдени – көпшілік шаралар легі «Қазақтың Жұбаны» атты старттық шарадан бастау алды.
Оn-line режимінде өткен шараға Астана қаласындағы ҚР Ұлттық академиялық кітапханасы, Ж.Молдағалиев атындағы ОӘҒК-сы, облысқа қарасты аудан кітапханалары қатысты. Өз кезегінде тікелей байланысқа шыққан Ақжайық аудандық кітапханасы алаңында зиялы қауым өкілдері, оқырман қауым ақынның жары Софья әжеміздің ақ тілегін бейнеқұттықтау арқылы тыңдады. Ақиық ақынның туған жеріндегі өтетін мәдени-көпшілік шаралардың жоспарымен аудан әкімінің орынбасары Т.А.Габдушев таныстырды.
«Анкетама қосымша» өмірбаяндық өлеңін жас өрендер жатқа оқыса, «Мен қазақпын»поэмасынан үзіндіні жатқа оқу эстафетасын Қайсар Биғалиев жалғастырды. Дүбірлі той қарсаңында өтетін мәдени –көпшілік шараларға баршамыз атсалысайық жерлестер! Іске сәт!