Ауыл кітапханасындағы «Асық терапиясы»

Жаңабұлақ ауылдық кітапханасындағы «Coworking» орталығында  Елбасымыз Н.Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласы аясында кітапханашы Г.Нургалиеваның ұйымдастыруымен «Асық терапиясы» атты шара өткізілді.

Еліміздің латын  әліпбиіне көшуі ұлтымыз үшін жасалаған маңызды қадамдардың бірі. Бұл шараның ерекшелігі жас ұрпақтың  жаңа әліпбиді тез меңгеруіне сеп болуы және ұлттық құндылықтарымызды да ұмытпай, дәріптеуі болып табылады.Осы орайда жас оқырмандарымызды ұлттық ойындар арқылы тәрбиелеп ұлтының танымынан қол үзбей, ұрпақ сабақтастығын жалғайды деген бағытта ұйымдастырылған шараға  6 сынып оқушылары және қазақ тілі маманы М.Нургалиева қатысты. Бір қызығы балаларды ептілікке, мергендікке, тапқырлыққа және шапшаңдыққа баулитын ұлттық асық ойыны енді латын әліпбиін игеруге көмектесіп жатыр. Арғы заманда асық қазақ балаларының күнделікті ойыны болғанымен, қазір қолданыстан шығып бара жатқаны рас. Ал қазір латын әліпбиін үйретуге осы «асық терапиясын» пайдаланудамыз. Оқушылар асықтармен латын әліпбиіндегі әріптерді таңбалап,  көптеген сөздерді жазды. Жас оқырмандар таңбалаған әріптердің дұрыс - бұрыстығы экран арқылы тексеріліп отырды. Осылайша өткен қызықты шара болашақта да жалғасын табады.

Мемлекеттік рәміздер

Директор блогы

Мусағалиева Роза Сакенқызы

Блогқа өту

Баннерлер

  • 01
  • 02
  • 03
  • 04

Жол жүру сұлбасы

Батыс Қазақстан облысы, Ақжайық ауданы, Чапаев ауылы, Қонаев көшесі 73 үй
ДС-ЖМ 09:00-18:00