Жаңа кітаптар 2021 ж 1-ші тоқсан

Абдильдин, Ж.

Собрание сочинений.-Нур-Султан: Фолиант, 2020.

В семнадцатый том собрания сочинений академика НАН РК  Ж.М. Абдильдина вошла книга  Ж.М. Абдильдина и Р.Ж.Абдильдиной «Логика научной идеи и проблема ее реализации», которая посвящена исследованию проблемы  логики научной и социальной идеи, имеющей на сегодняшний день большое теоретическое и практическое значение. Идея рассматривается как конкретно-всеобщее понятие, сложное системное образование, в форме которого разрешаются напряженные противоречия в творческом развитии науки и социальной деятельности.

В том также вошла книга «Время, события и проблемы: взгляд философа», в которую включены статьи, заметки, размышления, посвященные осмыслению сложных социально-политических явлений и процессов, происходивших в СССР, исследованию причин распада Советского государства, научному анализу процесса формирования новых независимых государств и строительства в них рыночной экономики, демократической политической системы и мн.др.

Собрание сочинений рекомендовано учёным и широкому кругу читателей, интересующихся философией.

 

АЙБЕРГЕНОВ С.

ТОҒЫСҚАН ТАҒДЫРЛАР:  Көркем әдебиет.Мемуар.-Алматы: «Аннұр Сапа» баспасы, 2020.-264+32 жапсырма бет.

Бұл кітап- небәрі 30 жыл өмір сүріп,халқының жадынан  мәңгі өшпейтін отты өлеңдер тудырып кеткен біртуар талант, Қазақстан Ленин комсомолы сыйлығының лауреаты, ақын Төлеген Айбергеновтың өмірі туралы мемуарлық шығарма.Мұнда ақын Төлеген Айбергеновтің ата-тегі, тағдырлы ғұмырбаяны туралы тың деректер алға тартылады.Құндылығы сол-Төлеген ақынның өмірі мен шығармашылығын зерттейтін жас ғалымдарға, ақын поэзиясына құштар жаңа буын,жас ұрпаққа айнымас бағдаршам екендігі.Сондай –ақ Төлеген ақынның туған –туыстары мен дос- жарандарының естеліктері де мұқият қаралды. Әрбір өлеңінің қалай туғандығынан да тың деректер бар.Ақынның жүрекжарды жырларында Қазақ елінің мәңгілігін аңсаған жүректің лүпілі бар.

Кітап көпшілік оқырман қауымға арналған.

 

Әбілқайыр Қ., Шашкова Л., Мырзахмет А.

ЕҢСЕЛІ ЕЛОРДАСЫ ҚАЗАҒЫМНЫҢ./ Қ Әбілқайыр, Л. Шашкова, А.Мырзахмет./-Алматы: «Әдебиет» баспа үйі, 2020.-392 б.

Қазақстан Жазушылар одағының «Әдеби өлкетануды дамыту» жобасы аясында белгілі қаламгерлер Еліміздің әр өңіріне барып, сол өлкенің тыныс-тіршілігімен танысып,тарихы мен тағылымын,өнері мен мәдениетін, аңызға айналған тұлғалары мен киелі жерлерін өлең тілімен немесе қарасөз түрінде хатқа түсірген болатын.  Сол сапарда Нұр-Сұлтан өңірі туралы жазылған шығармалар осы кітапқа топтастырылды. Өлкетану тақырыбын байытатын Ұлы даланың шежіресі іспетті әдеби-танымдық шығармалардың бүгінгі замандастарымызға һәм келер ұрпаққа да берері мол.

 

Кемелбаева А., Ақыш Н., Кенебай Ж.

АРҚАНЫҢ КЕРБЕЗ СҰЛУ КӨКШЕТАУЫ. /А Кемелбаева, Н.Ақыш, Ж.Кенебай./-Алматы: «Әдебиет» баспа үйі, 2020.-272 б.

Қазақстан Жазушылар одағының «Әдеби өлкетануды дамыту» жобасы аясында белгілі қаламгерлер Еліміздің әр өңіріне барып,сол өлкенің тыныс-тіршілігімен танысып,тарихы мен тағылымын, өнері мен мәдениетін, аңызға айналған тұлғалары мен киелі жерлерін өлең тілімен немесе қарасөз түрінде хатқа түсірген болатын.Сол сапарда Ақмола өңірі туралы жазылған шығармалар осы кітапқа топтастырылды.Өлкетану тақырыбын байытатын Ұлы даланың шежіресі іспетті әдеби- танымдық шығармалардың бүгінгі замандастарымызға һәм келер ұрпаққа да берері мол.

 

Райымбек М., Қами Н., Құнапияқызы М.

ЖАЙЫҚТЫҢ БОЙЫ КӨК ШАЛҒЫН. /М.Райымбекұлы, Н.Қами, М.Құнапияқызы./-Алматы: «Әдебиет» баспа үйі, 2020.-296 б.

Қазақстан Жазушылар одағының «Әдеби өлкетануды дамыту» жобасы аясында белгілі қаламгерлер Еліміздің әр өңіріне барып,сол өлкенің тыныс-тіршілігімен танысып,тарихы мен тағылымын, өнері мен мәдениетін, аңызға айналған тұлғалары мен киелі жерлерін өлең тілімен немесе қарасөз түрінде хатқа түсірген болатын.Сол сапарда Атырау өңірі туралы жазылған шығармалар осы кітапқа топтастырылды.

Өлкетану тақырыбын байытатын Ұлы даланың шежіресі іспетті әдеби- танымдық шығармалардың бүгінгі замандастарымызға һәм келер ұрпаққа да берері мол.

 

Сарбалаев Б., Қадырбаева А., Мәлік М.

ТҮРКІСТАН – ЕР ТҮРІКТІҢ  БЕСІГІ  ҒОЙ./ Б. Сарбалаев, А. Қадырбаева, М. Мәлік./- Алматы: «Әдебиет» баспа үйі, 2020.- 416 б.

Қазақстан Жазушылар одағының «Әдеби өлкетануды дамыту» жобасы аясында белгілі қаламгерлер Еліміздің әр өңіріне барып,сол өлкенің тыныс-тіршілігімен танысып,тарихы мен тағылымын, өнері мен мәдениетін, аңызға айналған тұлғалары мен киелі жерлерін өлең тілімен немесе қарасөз түрінде хатқа түсірген болатын. Сол сапарда Түркістан өңірі туралы жазылған шығармалар осы кітапқа топтастырылды.   Өлкетану тақырыбын байытатын Ұлы даланың шежіресі іспетті әдеби- танымдық шығармалардың бүгінгі замандастарымызға һәм келер ұрпаққа да берері мол.

 

Сарыбай Б., Ергөбек Қ., Жүніс Е.

ХАНДЫҚТЫҢ ТУЫН ТІККЕН КИЕЛІ ӨЛКЕ. /Б.Сарыбай, Қ.Ергөбек, Е.Жүніс./-Алматы: «Әдебиет» баспа үйі, 2020.-384б.

Қазақстан Жазушылар одағының «Әдеби өлкетануды дамыту» жобасы аясында білгілі қаламгерлер Еліміздің әр өңіріне барып,сол өлкенің тыныс-тіршілігімен танысып, тарихы мен тағылымын,өнері мен мәдениетін, аңызға айналған тұлғалар мен киелі жерлерін өлең тілімен немесе қарасөз түрінде хатқа түсірген болатын.  Сол сапарда Жамбыл өңірі туралы жазылған шығармалар осы кітапқа топтастырылды.

Өлкетану тақырыбын байытатын Ұлы даланың шежіресі іспетті әдеби-танымдық шығармалардың бүгінгі замандастарымызға һәм келер ұрпаққа да берері мол.

 

Жылқышиев Қ., Мұқаш Қ., Ниетқалиева Г.

БОСТАНДЫҚТЫҢ  БЕСІГІ – АРУ ҚАЛА. /Қ.Жылқышиев, Қ.Мұқаш, Г.Ниетқалиева./-Алматы: «Әдебиет» баспа үйі, 2020.-352 б.

Қазақстан Жазушылар одағының «Әдеби өлкетануды дамыту» жобасы аясында білгілі қаламгерлер Еліміздің әр өңіріне барып,сол өлкенің тыныс-тіршілігімен танысып, тарихы мен тағылымын,өнері мен мәдениетін, аңызға айналған тұлғалар мен киелі жерлерін өлең тілімен немесе қарасөз түрінде хатқа түсірген болатын.  Сол сапарда Алматы өңірі туралы жазылған шығармалар осы кітапқа топтастырылды.

Өлкетану тақырыбын байытатын Ұлы даланың шежіресі іспетті әдеби-танымдық шығармалардың бүгінгі замандастарымызға һәм келер ұрпаққа да берері мол.

 

Кәпұлы Д., Наурызбаева З., Жаңбырбай А.

ОТПАН ТАУДЫҢ БАСЫНДА ҰРАН ОТЫ. /Д.Кәпұлы, З.Наурызбаева, А.Жаңбырбай./- Алматы: «Әдебиет» баспа үйі, 2020.- 424 б.

Қазақстан Жазушылар одағының «Әдеби өлкетануды дамыту» жобасы аясында білгілі қаламгерлер Еліміздің әр өңіріне барып,сол өлкенің тыныс-тіршілігімен танысып, тарихы мен тағылымын,өнері мен мәдениетін, аңызға айналған тұлғалар мен киелі жерлерін өлең тілімен немесе қарасөз түрінде хатқа түсірген болатын.  Сол сапарда Маңғыстау өңірі туралы жазылған шығармалар осы кітапқа топтастырылды.

Өлкетану тақырыбын байытатын Ұлы даланың шежіресі іспетті әдеби-танымдық шығармалардың бүгінгі замандастарымызға һәм келер ұрпаққа да берері мол.

 

Иран-Ғайып, Кенжебай М., Омаров Қ.

АРАЛДАН  ҰШҚАН АҚҚУЛАР. / Иран-Ғайып, М.Кенжебай, Қ.Омаров, - Алматы: «Әдебиет» баспа үйі, 2020.-272 б.

Қазақстан Жазушылар одағының «Әдеби өлкетануды дамыту» жобасы аясында білгілі қаламгерлер Еліміздің әр өңіріне барып,сол өлкенің тыныс-тіршілігімен танысып, тарихы мен тағылымын,өнері мен мәдениетін, аңызға айналған тұлғалар мен киелі жерлерін өлең тілімен немесе қарасөз түрінде хатқа түсірген болатын.

Сол сапарда Қызылорда өңірі туралы жазылған шығармалар осы кітапқа топтастырылды.

Өлкетану тақырыбын байытатын Ұлы даланың шежіресі іспетті әдеби-танымдық шығармалардың бүгінгі замандастарымызға һәм келер ұрпаққа да берері мол.

 

Сәрсек Ж., Қарт М., Бейсенбекұлы Д.

БАЯНАУЫЛ БАСЫНДА БАЛАЛЫ ҚҰР.../Ж.Сәрсек, М.Қарт, Д.Бейсенбекұлы./-Алматы: «Әдебиет» баспа үйі, 2020.-224 б.

Қазақстан Жазушылар одағының «Әдеби өлкетануды дамыту» жобасы аясында білгілі қаламгерлер Еліміздің әр өңіріне барып,сол өлкенің тыныс-тіршілігімен танысып, тарихы мен тағылымын,өнері мен мәдениетін, аңызға айналған тұлғалар мен киелі жерлерін өлең тілімен немесе қарасөз түрінде хатқа түсірген болатын.  Сол сапарда Павлодар өңірі туралы жазылған шығармалар осы кітапқа топтастырылды.

Өлкетану тақырыбын байытатын Ұлы даланың шежіресі іспетті әдеби-танымдық шығармалардың бүгінгі замандастарымызға һәм келер ұрпаққа да берері мол.

 

Ақжан Әл-Машани

Әл-Фараби көпірі (Құрастырған М.Ақсан) – Алматы: «Алатау» баспа-полиграфиялық корпорациясы, 2020.-872 бет.

Әл-Фараби дүниежүзіне танытып, оның Отырардан шыққан Қыпшақ тумасы екенін алғаш дәлелдеп, он бір ғасырдан соң ұрпағымен қауыштырған, тұңғыш Фарабитанушы, бұл ілімге оған бүкіл ғұмырын арнаған қазақтың ғұлама ғалымы Ақжан Әл-Машанидің бұл кітабын атақты «Фараби» романы мен «Әл-Фараби және Абай», «Әл-Фараби және музыка», осы секілді ғалым еңбектеріне жан-жақты талдау жасаған мақалалары енді.

Кітап сол кездің үлгісіндегі түрлі-түсті бояу суреттермен безендірілген.

Екінші тарауға А.Машани туралы оның шәкірті Ш.Әбдіраманның ғұмырнамалық туындысы беріліп отыр.

 

Ұлы даланың ұлағатты тұлғалары / Құраст. Қуат Бораш.- Нұр-Сұлтан: Фолиант, 2020. – 320 б.

Бұл жинақ қазақ сахарасы үшін ғана емес, күллі адамзат өркениетінде орны бөлек қос алып шың – Абай Құнанбайұлының 175 жылдығы мен Әбу Насыр әл-Фарабидің 1150 жылдығына арналған мерейтойлары аясында жарық көріп отыр.Дала данышпандары қалдырған асыл мұраларды ХХІ ғасыр көзқарасымен зерделеп, аталған қазынаны адамзаттың рухани құндылықтары қатарына көтеру – уақыт талабы.Таңдаулы әр автордың барлығы да биік талғам үдесінен табылып, тарих тереңінен бүгінге жол тауып, оқырманын орамды ой, тағылымды тілмен еріксіз баурап отырыды.

Қазыналы мағұлматқа бай кітап көпшіліктің оқуына арналған.

 

Қасқабасов С.

Таңдамалы.- Нұр-Сұлтан: Фолиант, 2020. Т.5. Ғылым мен ғалым. Әр жылғы зерттеулер.-344 б.

Ғалымның таңдамалы шығармаларының бесінші томына фольклортану, ғылымының тарихына қатысты зерттеулері мен ХХ ғасырдағы зерттеуші ғалымдар, белгілі қаламгерлер туралы мақалалары топтастырылған.

Кітап әдебиет пен фольклор зерттеушілеріне, оқытушылар мен  студенттерге, барша оқырман қауымға арналған.

 

 

Қасқабасов С.

Таңдамалы.- Нұр-Сұлтан: Фолиант, 2020. Т.6. Заман.Қоғам.Руханият.-320 б.

Фольклортанушы ғалымның көптомдық шығармаларының бұл кітабына руханият,мәдениет, фольклор жайлы зерттеулері мен пікір-тұжырымдары жинақталған.

 

 

 

 

Қасқабасов С.

Таңдамалы.- Нур-Султан: Фолиант, 2020. Т.6. К проблеме определения фольклорного жанра. -320 с.

Седьмой том избранных сочинений доктора филологических наук профессора С. Каскабасова посвящён развитию казахстанской фольклористики и составлен из статей,опубликованных в разных годы.

Автор анализирует генезис и эволюцию основных жанров казахского фольклора, их отличие от литературных жанров, влияние исторических событий и взаимосвязей народов на формирование системы образов и способов отражения действительности в устном поэтическом творчестве, а также исследует появление и особенности устной авторской поэзии в казахской степи.

Издание интересно не только филологом, но и  широкому кругу читателей.

 

Қазақстан-Беларусь: Әдеби альманах.- Казахстан-Беларусь: Литературный альманах.-Алматы: «Жібек жолы» Баспа үйі, 2020.-512 б.+16 қос.

Қазақ-белорус әдеби ынтымақтастығының тарихындағы алғашқы «Қазақстан-Беларусь» әдеби көркем альманағы қазақтың ұлы ақыны, ойшыл-философы Абай Құнанбаевтың туғанына 175 жыл толуына және Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 75 жылдығына арналып отыр.Беларусь пен Қаазақстанның қазіргі әдеби ынтымақтастық саласындағы тарихи- мәдени сабақтастық дамудың басты бағыты саналады,елдер арасындағы қарым-қатынас өзара түсіністік пен сенім аясында дамып келеді.Жарық көрген альманах жемісті де жан-жақты ынтымақтастықтың көрнекі мысалы мен нәтижесі, біздің елдердің, мәдениеттер мен әдебиеттердің арасында орныққан достықтың алтын көпірінің жарқын айғағы.

 

Қанапиянов Б.

Шығармалары. Екі томдық. Бірінші том. – Алматы: «Жібек жолы» БҮ, 2019.-560 бет +16 жапсырма бет.

Ақын әрі жазушы,бірқатар әдеби сыйлықтардың иегері, ҚР еңбек сіңірген қайраткері Бақытжан Қанапияновтың есімі бүгінде әлем жұртшылығына да кеңінен танымал.Оның оннан астам жыр жинақтары дүниежүзінің көптеген тілдеріне аударылып, Америка,Ұлыбритания, Франция,Ресей,Украина, Польша, Армения, Моңғолия, Малайзия, т.б. елдерде жарық көрді.Ақын жырларын қаламдас қазақ достары туған тілде де сөйлетуде.Қаламгердің қазақ тіліндегі екі томдық шығармалар жинағының бірінші томына оның К.Салықов, Ж.Жақыпбаев, Д.Стамбеков, Иран-Ғайып, Е.Раушанов, Ғ.Жайлыбай, Н.Айтов, М.Ерімбетов, Р.Оңғарбай, Ө.Яшүкірқызы сынды ақындардың аударуындағы өлеңдері мен поэмалары енді.Аудармалардың біразын автордың өзі қарап, өңдеуге атсалысқан.Б.Қанапиянов сондай-ақ проза жанрында да сәтті қалам тербеп жүр. Оқырмандар жинақтан автордың қазақ тіліне аударылған әңгімелері және повестерімен таныса алады.

Басылым қаламгердің 70 жасқа толуына орайластырылған.

 

Қанапиянов Б.

Шығармалары. Екі томдық. Екінші том. – Алматы: «Жібек жолы» БҮ, 2019. – 692 бет +16 жапсырма бет.

Бақытжан Қанапиянов шығармашылығының тағы бір саласы – халқымыздың көрнекті қалам шеберлерімен қатар шетел ақындарының творчествосын арқау еткен әдебиеттану мен публицистикалық сипаттағы мақалалары. Автордығ қазақ тіліндегі екі томдық шығармалар жинағының екінші томына солардың бірқатар,баспасөзге берген сұхбаттары, «төретұмсық» повесть-хикаяты, сондай-ақ ақын-жазушылар мен зерттеушілердің қаламгер шығармашылығы туралы мақалалары мен ой-толғамдары, оған арналған өлеңдері енді.

Басылым қаламгердің 70 жасқа толуына орайластырылған.

 

Қабиқызы, Сара

Открытый космос Талгата Мусабаева / С.Қабиқызы. – Нур-Султан : Фолиант, 2020. -264 с.

Книга «Открытый космос Талгата Мусабаева» является дополненной версией документальной повести автора «Знакт равенства» (2009 год) и рассчитана на массового читателя. Автор надеется, что историческое свидетельство достижения своей Мечты простым казахским мальчиком, ставшим космонавтом, полученные им Уроки Жизни и Космоса станут примером для молодежи, ориентиром для нового поколения будущих казахстанских космонавтов, инженеров, конструкторов, всех, кому небезразлична судьба казахстанского космоса.

 

Бодаубай Б.

Шығармалары. Алты томдық / Болат Бодаубай. – Нұр-Сұлтан: Фолиант, 2020.

Т.1. Повесть.Роман. Очерктер. – 400 б.

Өткен ғасырдың 60-70-жылдарында қазақ әдебиетіне келіп қосылған қуатты толқынның, қайратты лектің, тағдыр тағбалаған ұрпақтың бір өкілі – Болат Бодаубай.

Оның әдебиетімізге елеулі үлес болып қосылған «Қарт тергеушінің әңгімелері» романы- кейіпкердің аузымен айтылатын жеке-жеке тартымды хикаяттардан тұратын, 20-30- жылдардағы шиыршық атқан шындық оқиғалар негізінде жазылған туынды.Өткен ғасырдың алғашқы ширегіндегі Қазан төңкерісі, қазақ даласындағы өзгеріс нышандары, кедейлерге, әйелдерге есе-теңдік тиюі, жер-жерде мектептер ашылуы шиеленіскен күрес үстінде Жамал, Шегебай, Алдаберген, Кәрім сияқты асыл боздақтардың қыршынынан қиылып, мерт болуы сияқты оқиғалар оқушыны еріксіз үйіріп, тартып отырады.Әуел баста халықты бақытқа жеткіземіз деген ұранды бетке ұстап келген Кеңес үкіметі кешікпей-ақ қалың елді ашаршылыққа ұшыратып, қырып тынды. Шығармада бұл оқиғалар барынша шынайы суреттеледі.Жазушы сол жылдардың бүгінгі жастарға беймәлім, кейінгі ұрпаққа сабақ болар көп шындығын мөлдіретіп жайып салады.

Бұл томға, сондай-ақ автордың кезінде оқушылардың ыстық ықыласына ие болған «Желсіз түнде жарық ай» повесі мен өнер адамдары жайындағы 1975 жылы Қазақстан Журналистер одағының бірінші сыйлығына ие болған және өзге де очерктері енгізілді.

 

Шәлекенов У.Х.

Ғылыми еңбектер. Төртінші том. – Алматы: «Жібек жолы» баспа үйі, 2020. -568 бет +16 жапсырма бет.

Белгілі ғалым, академик Уахит Хамзаұлы Шәлекеновтің ғылыми еңбектерінің төртінші томына Қазақстан археологиясы мен этнологиясына қатысты ұзақ жылдық зерттеу еңбектері енді.Жинақ екі кітаптан тұрады. «Ежелден түріктер отырықшы» деп аталатын бірінші кітапта ғалым түрік халықтарына таңылған еуроцентристік «көшпенділер» концепциясын нақты дәлелдермен теріске шығарып, жаңа ғылыми тұжырым ұсынады.Ал осы идеяның жалғасы іспетті «Қазақ өркениеті» атты екінші кітабында түрік жұртының көнеден келе жатқан бір бұтағы болып табылатын қазақ елі өркениетінің қалыптасу тарихы мен кезеңдеріне кеңінен талдау жасайды.

Қазақ археология ғылымының іргетасын қаласып, шаңырағын көтеріскен аға ғалымның бұл зерттеу еңбектері дәйекті дәлелдерге сүйенген тың тұжырымдарымен құнды, әрі рухани жаңғыру үстіндегі еліміздің бүгінгі және келешек ұрпақтарын ұлтжандылық пен отаншылдық рухта  тәрбиелеуге танымдық, тағылымдық маңызы зор.

Жинақ жас ғалымдарға, студентер мен жоғары сынып оқушыларына, жалпы оқырман қауымға арналған.

 

Виктор Зайберг. «Ботай».-Алматы: «Балауса баспасы» 2020. 480 бет, қазақ, орыс,ағылшын тілінде

Ботай! Иә бүгінде ботайды білмейтін ел-жұрт, әсте, жоқ та шығар-ау...Өйткені Ботай туралы әлемнің ең озық университеттерінде дәрістер оқылып, әлемнің ең үздік киногерлері деректі киноленталар түсірілуде,әлемнің ең маңдайалды ғалымдары өздерінің зерттеу еңбектерін осынау Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау өңіріндегі Ботай қонысына арнауда...

Міне, солардың бірі, һәм бірегейі, жерлесіміз профессор-археолог Виктор Зайберт осы Ботай мәдениетін 40 жыл бойы талмай зерттеп келеді.

Кітап біздің заманымызға дейінгі ІҮ мыңжылдықта осынау Ұлы Дала төскейінде ғұмыр кешкен бабаларымыздың-бабаларының өткен өмірінен, тұрмыс-тіршілігінен сен алуан сыр шертеді.Дала өркениетінің дәл осы Ботай жерінен бастау алғанына көзіңізді жеткізеді.Алғаш рет жылқының осы жерде қолға үйретіліп, осы жерде бие сүтінен қымыз ашытылғанын біліп, мерейіңіз өседі, көңіліңіз тасиды.

 

Әжібекұлы Қазахбай. Аzhibekuly Kazakhbai.

Кітап-альбом.-Нұр-Сұлтан: Фолиант, 2020.-224 бет. Қазақ,орыс, ағылшын тілдерінде.

Қазақбай Әжібекұлы- айналасындағы әлемге, қазақ халқының тарихы мен рухани мұрасына деген эстетикалық және көркемдік көзқарасын әр қырынан ұсынатын шынайы әрі нағыз суретші. Кескіндеме шеберінің түрлі түсті және рухты картиналары оның талантына сүйсінетін жандарды бейжай қалдырмайды.Мұрныңа аңқыған жусан иісі,таңдайыңа көбігі аспанға атқан шұбаттың дәмі келетін «Туған жер» және «Атамекен» сынды әсерлі және бір мезгілде айбынды, көркем картиналар кімнің де болсын жүрек қылын шертіп,нәзік иірімдерін тап басады.

 

Абайдың өмірбаяны мен шығармашылығы туралы түпнұсқа қолжазбалар (Қазақстан Республикасы Мемелекеттік орталық музейі қорынан). Ғылыми-инвентарлық каталог. 2-кітап. Алматы: «Интеллсервис» баспасы, 2020.560 б.

Абайдың өмірбаяны мен шығармашылығы жөніндегі қолжазбалар каталогының 2-кітабында Шәкәрімнің ұлы Ахат Құдайбердиевтің араб харпіндегі қолжазбасы және «Мүсірәлі ақсақалдың айтуынша» деп аталатын латын харпімен жазылған қолжазба олардың кирилица нұсқаларымен қатар беріліп отыр.Осындай тәсілмен бұрын-соңды жарияланбаған аталмыш материалдар Абай мен Шәкәрімнің шығармашылығын жаға қырынан дендеп зерттеуге әр құнды деректік арқау болады. Сондай –ақ екінші «Мүсірәлі қолжазбасы» ұлы Абайдың заманындағы «сөз ұстаған өрнекті би» болған ірі қайраткерлік болмысын да айшықты айғақтайды.

 

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік орталық музейі қорындағы шығыс монеталары. Иллюстрацияланған ғылыми каталог (қазақ, орыс,ағылшын тілдерінде). Алматы: «Интеллект» баспасы, 2020.-420 б.

Басылмға Қазақстан Республикасы Мемлекеттік орталық музейі коллекциясы құрамындағы шығыс монеталары,ғылыми-инвентарлық каталогы (2-том) бірнеше әулеттерге қатысты (исламға дейінгі кезең-Сасандықтар мен Түгештер кезеңі – Самандықтар,Шығыс ұрпақтары (Монғол империясы),Шағатай, Жошы,Қырым Гирейлері, Синьцзян көтерішілері (Рашиддин мен Йақуб-бек), Мың әулеті, Жоңғар билеушілері және Қажарлар) 592 сақтау бірлік алтын,күміс және мыс монеталары сипаттамалары мен фотосуреттері енгізіліп отыр. Сонымен бірге каталогте шағын көмбелердің біраз монеталарымен археологиялық қазба жұмыстары барысында Сарайшық қаласынан табылып, музей өткізілген монеталар да Нумизматикалық материалдар Қазақстанның кең байтақ территориясында VІІ-ХІХ ғасырларда болған ақша айналымы оның дамуы жайында құнды мәліметтер береді және баға жетпес ақпараттық деректер болып табылады. Каталог музейтану  тарихшылар, шығыстанушылар, деректанушылар, нумизматтар, жоғары оқу орын студентері үшін көрнекі оқу құралы болып табылады. Сондай-ақ жалпы оұырман қауым үшін де тарихи танымдық тағылымы мол еңбектер қатарына жатады.

Мемлекеттік рәміздер

Директор блогы

Мусағалиева Роза Сакенқызы

Блогқа өту

Баннерлер

  • 01
  • 02
  • 03
  • 04

Жол жүру сұлбасы

Батыс Қазақстан облысы, Ақжайық ауданы, Чапаев ауылы, Қонаев көшесі 73 үй
ДС-ЖМ 09:00-18:00