Аудан орталығы –Чапаев ауылынан батысқа қарай 40 км-дей жерде орналасқан. Қабыршақты ауылы- әкімшілік округ орталығы.
Тұрғындар саны -1146 адам.
Округте орта мектеп, дәрігерлік амбулатория, фельдшерлік пункт, 6 шаруа қожалығы, мәдениет үйі, кітапхана қызмет етеді.
Қабыршақты ауыл кітапханасы
әдениет үйі ғимаратында 62кв.м
аумағына орналасқан
Қабыршақты ауылдық кітапханасы ауыл округіндегі мәдени –көпшілік орынның бірі. 1952 жылы тыңнан көтерілген «Первомайский» совхозының орталығы «Первомайский » селосына көшірілді.
Бұрынғы № 103 жылқы заводының орталығы Бітік ауылынан, «Қызыл бұрыш» жасақталып , ауыл ішіндегі екі пәтерлік тұрғын үйдің бір бөлігіне орналасады. Шағын екі бөлменің бірі «Кітапхана қоры », бірі «Оқырман залы » болды . Кітап қоры Мәдениет бөлімі арқылы және тұрғын халықтың демеушілігімен толықтырылып соның ішінде «Қазақ ССР оқу ісінің үздігі» мектеп директоры Сахташев Шакир Сахташұлы (суретте) кітапхана ашылған кезде 50 дана кітап сыйлап оқушыларын кітап оқуға кітапханаға тарту мақсатында насихат жұмыстарын жүргізіп отырды.
1952 жылы 1 шілде айынан бастап азғантай уақыт «Қызыл бұрыш» ашылған кезде (Бұйрық № 16 пр.1) кітапханашы қызметін Гүлсім. Ихсанова бастады.
1952 жылы Мятова Юлия Филатовна ауыл кітапханасында жұмыс істеді. Оқырмандарға коммунистік тәрбие беру әрқашан да кітапханалардың ең басты міндеттерінің бірі болып келді. Осы бағытта кітапханада «Ленин жастардың ұстазы және досы», «Адамзаттың данасы» тақырыпта көрмелерге шолу жүргізіліп, ауыл тұрғындар арасында түрлі үгіт насихат плакаттар, қабырға қағаздарын ұйымдастырып отырды. Юлия апай ауыл тұрғындарына, жасөспірімдерге сол кездегі саясатты насихаттауда дауыстап оқу, түрлі тақырыпта кездесу кештерін өткізді отырды.
1953-1955 жылдар аралығында кітапхана қызметін Нугманов Елемес атқарды.
1955 жылы 5 маусымнан (Бұйрық № 92 пр.1) Г.Есенғалиева «Қызыл бұрыш» кітапханашысы болып жұмыс істеді
1955 жылдың 10 қыркүйегінде (Бұйрық № 117 пр.5) «Қызыл бұрыш» кітапханашысы болып А.Кульбаракова жұмыс атқарды.
1956 жылы 25 қазаннан (Бұйрық № 137 пр.2) «Қызыл бұрыш» кітапханашы қызметін Истлеуов Рамазан атқарды.
Мәдениет министрлігі бұйрығы бойынша 1959 жылы 19 қаңтар айында (Бұйрық № 1 параг.1) кітапханашылар және автоклуб қызметкерлері қысқартылды.
1959 жылы 13 қаңтар айынан бастап (Бұйрық №1 пр.1) Первомай ауылының «Қызыл бұрыш» кітапханашысы болып Хван Галина Александровна атқарды.
1960 жылы 19 шілде айынан бастап (Бұйрық № 12 пр.10) Первомай ауылындағы «Қызыл бұрыш» кітапханашысы болып Телеева Сапура жұмыс істеді.
1960-1969 жылдар аралығында ауданның мәдени саласы қарыштап дамуына байланысты Первомай ауылында 1961 жылы типтік мәдениет үйі ішінде кітапхана бөлмесі бой көтерді.
1965 жылы наурыз айынан бастап (Бұйрық № 42 пр.2) кітапханашы қызметін Р.Ныазиева атқарды.
1970 жылы 1 шілдеден бастап (Бұйрық № 58 пр.3)Ақтөбе ағарту училищені бітіргеннен кейін кітапханашы болып З.Тажкуранова қызмет атқарды.
1978 жылы кітапхана саласы жүйеге еңгізілуіне байланысты Первомай ауылындағы «Қызыл бұрыш» орталықтандырылған кітапхана жүйесінің Первомай ауылындағы кітапхана филиалы болып өзгертілді. Филиал меңгерушісі болып 1978 жылдың 1 желтоқсанынан бастап (Бұйрық № 65 пр.4)У.Альмуратова жоғарғы білім маман қызметін жалғастырды.
1979 жылдарында Первомай селолық советіне қарасты Шым-кудык ауылдық кітапханасы жұмыс жасады. Сол кезде кітапханашы қызметін Жантешева Г кітапханашы қызметін атқарды.
Первомай ауылдық кітапханасында әр жылдары төмендегідей қызметкерлер қызмет атқарды:
Шолтанова Бакыт
Губашева Ұлман
Жалелова Рысты
Оразгалиева Нұрпатша
Юсупова Сандугаш Жаңабайқызы
Мухамбетова Ақбөпе Мухамбетқызы.
Кітапханашылар ауыл тұрғындарына және де алыстағы шалғайдағы елді мекендерге, шопандарға, егіншілерге барып газет- журнал беттеріндегі жаңалықтармен таныстырып, түрлі тақырыптық кітап көрмелерін ұйымдастырып, мәдениет қызметкерлерінің ұйымдастыруымен үгіт- бригадаларғы шығып насихат жұмыстарын жүргізіп отырды. Сонымен қатар В.И.Лениннің өмірі мен қызметі туралы әдебиетті насихаттауда, Коммунистік партия мен совет халқының тарихи-революциялық және ерлік дәстүрлері ,комсомолдың еңбектегі жетістіктері мен ерлік істері және тарихы туралы, Қазақстандағы тарихи-революциялық күрес туралы, Ұлы Отан соғысындағы қазақстандық жетістіктер туралы әдебиеттерді насихаттап кітапханада кездесулер, тақырыптық сөрелер, көрмелер ұйымдастырып өткізіп отырды.Бұл кітапханашылар оқырманның үзбей белгілі бір жүйемен кітап оқуын өзінің негізгі міндеті етіп қойған. Олардың ұйымдастырған кітап көрмелері мен кітапхана плакаттары, кештері, оқырманның жүйелі оқуымен үндесіп отырды.
1975 жылдары кітапхана саласының жүйелеу жұмыстарын еңгізіп соған байланысты каталог жұмыстарын ұйымдастыру қолға алына бастады. Оқырмандардың оқуын басшылыққа ала отырып қанағаттандырылмаған оқырмандар сұранысын орындау бағытында аудандық кітапханада кітапхана аралық абонемент қызметі жұмысын жалғастырды. Первомай ауылдық кітапханасында сол жылдардан КАА –нің пайдалану ережесі, сұраныс картотекалары бұрыш ұйымдастырылып, (суретте) жалғасын тауып келе жатыр.
1992 Первомай селолық советінің шешіміне байланысты Шым-құдық селолық кітапханасы Бахирев бөлімшесіне ауыстыруына байланысты 1992 жылдың 12 қарашасынан бастап Бахирев сололық кітапханасы болып саналсын. (1992 жылдың 12 қараша №40 бұйрық)
1998 жылдың тамыз айынан бастап Куспангалиева Райса, күні бүгінге дейін ауыл кітапханасында кітапханашы болып қызмет атқарып келеді. Ауыл тұрғындарына үгіт-насихат жұмыстарын жүргізе отырып , кітапханада оқырмандарға заман талабына сай кітапханалық жұмыстардың жаңаша түрлерін қолданып отырады. Әр дайым ауыл,аудан шараларына белсене қатынасып отырады.
2003 жылдың 3 наурызынан Мәдениет бөлімінің № 16 бұйрығы негізінде кейбір ауыл атауларының өзгеруіне байланысты Первомай ауыл кітапханасы Қабыршақты ауылдық кітапханасы болып өзгертілді
Қазір ауыл кітапханасында 12370 дана кітап қоры бар, соның ішінде ана тіліндегі әдебиеттер 3745 дана. Оларды жыл сайын 700-ден астам оқырман пайдаланады. Кітапхана басылымдарының он төрт түрін алады.Кітапхана жыл сайын отандық әдебиеттермен, шетелдік әдебиеттермен толықтырылып келеді.
Қабыршақты ауылдық кітапханасының оқырман,
кітап қорының орташа есеп көрсеткіші.
Қабыршақты ауыл округіндегі кітапханалардың 2004-2008 жылдар аралығында мерзімді басылымдар көрсеткіші.