Қосшығыр ауылдық кітапханасы ОКЖ нің баланстық есебіндегі кітапхана ғимаратында орналасқан.
Жалпы көлемі- 138 кв.м.
Қосшығыр ауылдық кітапханасы 1960 жылдардан «Қызыл бұрыш» атауымен ашылған ауылдың мәдени рухани ошағы. Ол кезде «Қызыл бұрыш» халыққа анықтама беретін, пікір алмасатын, қиналған кезде көмектесетін рухани бай орталық болып есептеліп, онда қызмет атқаратын кітапханашының да жан-жақты болуы талап етілді. Осы жылдарда кітапханашы қызметін атқарған әже аталарымыздың да еңбектері орасан зор.
Қосшығыр ауылындағы «Қызыл бұрыш» кітапханашысы болып 1968 жылдан бері Қуанова Гүлжан Айекенқызы еңбек етіп келе жатыр.
1969 жылдың 16 қыркүйек айынан бастап (Бұйрық №67 пр.4) «Қызыл бұрыш» кітапханашысы болып А.Картжанов атқарды.
1960-80 жылдар аралығында ауданның мәдениет салалары қарыштап дами бастады, соған байланысты Қосшығыр ауылында 1977 жылы ауылдық клуб ішінде кітапханаға арналған бөлмесімен, яғни ауылдың мәдени ошағы салынды.
1978 жылы аудан ішіндегі кітапханалар орталықтандырылған кітапханалар жүйесі болып өзгертілгенде Қосшығыр ауылындағы «Қызыл бұрыш» өз жұмысын «Қызыл бұрыш» атымен жалғастырып отырды. Қосшығыр ауылындағы мәдени рухани ошақ ауылдық мекенге,егіншілер, шопандарға кітапханалық қызметін көрсете отырды.
1986 жылы ОКЖ құрамына Қосшығыр ауылдық кітапханасы болып еңгізілді. Кітапханада балалар оқуына басшылық жасалып, күндегі әдебиеттер берілуі талданып отырады. Оқырман сұраныстарын қанағаттандыру үшін орталық кітапханадан түсетін кітап қорымен толықтырылады. Кітапхана 16 түрлі мерзімді басылымдар алғызып отырады. Осыған орай «Мерзімді басылым – ел айнасы» атты бұрыш ұйымдастырылды.
Қазіргі уақытта клуб жабылып, клуб үйінің ғимаратына түгелдей орналасқан кітапхана ауыл тұрғындарына мәдени рухани ақпарат орталығына айналып өз жұмысын бұрынғыдан да жандандырып отыр.
Кітапхана ішіндегі жоспарланған оқырмандар саны кітап қорының көлемі, оқырмандардың келу саны оларға берілген кітап саны, өткізілген көпшілік шаралар салыстырмалы түрде жүзеге асырылып отырады. Кітапхананың ақпараттық ағартушылық қызметіне байланыста көпшілік шаралар, әр түрлі тақырыптық кештер, кездесулер, пікірталас, дөңгелек үстел өткізіліп отырады. Халық бос уақыттарын тиімді әрдайым кітапханада өткізеді. Әр түрлі тақырыптағы кітаптар оқып, мерзімді басылымдармен танысып көптеген керекті мағлұмат алады. Кітапхана мектеппен тығыз қарым-қатынаста болып, оқырмандармен түрлі тақырыпта шаралар ұйымдастырып өткізіп отырады.
Жайық - әкімшілік округ орталығы. Аудан орталығы- Чапаев ауылынан оңтүстүк шығысқа қарай 5 км жерде орналасқан. Жер көлемі-20500га.
1996 жылдан ауылдың «Фоефаново» аты өзгертіліп, «Жайық» деп аталады