Болдырев ауылдық кітапханасы

Болдырев ауылдық кітапханасы  мектеп ғимаратының жанында  30 кв.м көлеміне орналасқан.

 

Болдырев  ауылдық  кітапханасының  іргетасы  1959  жылы  қаланды. Сол кезде  кітапхана – мал дәрігерлік пунктінің  бір бөлмесінде орналасып,  1мың кітап қоры болған. Кітапхана қызметінде  Габдуллин Отарғали жұмыс атқарды.   1959 жылдың аяғында   3 бөлмелі  үйге мектеп, мелпункт, кітапхана орналасты. Ауыл тұрғындарының  сауаттылығын арттыру, мәдени-рухани деңгейін көтеру, жастарды патриотизм, коммунистік партияның ісіне берілген рухында тәрбиелеу  сол кездегі кітапханашының   басты мақсаты, ардақты борышы болып  саналды. Оған байланысты кітапханашының  да  атқарар  қызмет түрлері сан алуан болды.  Мыс:  Сол кезде кітапхана тарихына зер салсақ Болдырев кітапханасында  қазақ  жазушылар шығармаларын насихаттауда бірталай жұмыстар істелінген, С.Сейфуллинның «Тар жол тайғақ кешу» кітабы бойынша конференция Ғ.Мұстафинның «Дауылдан кейін» кітабы бойынша конференция, өнер саласындағы әдебиеттерді насихаттап суретші, мүсіншілер, композиторлардың үздік шығармаларының үлгілерімен альбомдар, лекция-концерттер, музыкалық сағаттар ұйымдастырып отырған. Науқандық жұмыстар егіншілерге сонымен қатар шопандар, сахманшылар, сауыншылар, механизаторларға жылжымалы кітапхана ұйымдастырып  кітапханашы  почта қызметіне арнайы  берілген  велосипедпен  почтамен қатар    кітап  үлестіріп, көрмелер ұйымдастырып насихат жұмыстар жүргізіп отырған.

 

1965  жылы   Болдырев ауылында  клуб үйі ашылып   кітапхана  соның жанындағы  қосалқы  бөлмеге  көшірілді. 

 

Болдырев ауыл кітапханасында

Алғазиева Рабиға 1965-1969жж

Тажкуранова Гүлжамал

Айтжанова Батес

Мажекенова Разия 

Шамақова Даметкен

Габдушева Сәуле

Айтжанова Валентина

Наурызова Светлана 1983-1991жж

 

Наурызова Ләззат  1991-1994жж кітапханашылар оқырмандар арасында  саяси, жаратылыстану бағытында көптеген шаралар ұйымдастырып, оқырмандарға үгіт- насихат жұмыстарын жүргізіп отырды.

 

 Ол кездері кітапханада ауыл тұрғындарына, жастарға мәдени демалыс  шашка, шахмат, бильярд  ойындарын ұйымдастырып,  сол арқылы жиналған жастар арасында түрлі тақырыпта көпшілік шаралар өткізіп отырды.

 

Қазіргі уақытта 1994 жылдан кітапханада кітапханашы болып Венера Шарипова оқырмандарға түрлі бағытта кітапхана ісіндегі жаңашылдықты еңгізе отырып жұмыс жасауда. Кітапхана жыл сайын  410 – нан астам оқырманға қызмет көрсетуде. Кітапхана қоры  7705 мың дана.     Кітапханашы  мамандар, жалпы оқырмандар арасында түрлі әңгімелер, шаралар өткізіп отырады.

 

Кітапхананың ақпараттық және  анықтамалық жұмысын  ұйымдастырады.  Оқырманның күнделікті ақпараттық сұраныстарын қанағаттандыруда,  мерзімді басылымдардың  орны ерекше. Соңғы жылдары  Болдырев ауылдық  кітапханасы  10-13 мерзімдік  басылымдар  алуда. Кітапхана қазіргі уақытта    әр сала бойынша кітап қоры көбейіп келеді. Оқырмандарға  кітап оқуына  барлық  мүмкіндік барынша жасалып  отырады.

Мемлекеттік рәміздер

Директор блогы

Мусағалиева Роза Сакенқызы

Блогқа өту

Баннерлер

  • 01
  • 02
  • 03
  • 04

Жол жүру сұлбасы

Батыс Қазақстан облысы, Ақжайық ауданы, Чапаев ауылы, Қонаев көшесі 73 үй
ДС-ЖМ 09:00-18:00