Ақжайық ауданының орталығы Чапаев ауылынан оңтүстікке қарай 118 шақырым қашықтықта Орал өзенінің шығыс бетінде орналасқан - Базартөбе ауыл округінің орталығы.Базартөбе совхозы 1966 жылы Орал каракуль совхозының № 4 бөлімшесі негізінде асыл тұқымды каракөль қой совхозы болып құрылған. Казіргі кезде Базартөбе ауылдық округіне қарасты1 орта мектеп,2 орталау мектеп,1 дәрігерлік аурухана, 2 фельдшерлік-акушерлік пункт, 1 мәдениет үйі, 3 кітапхана, бірнеше жеке сауда нүктелері бар.
Базартөбе ауылдық кітапханасы
Базартөбе ауылдық кітапханасы әкімшілік ғимаратының 56 кв.м көлеміне орналасқан.
1963-1966 жылдары Базартөбе совхоздың № 4 бөлімшесінің орталығында «Қызыл отау» кітапханасы болып ашылып, сол жылдардан бері ауыл тұрғындарына рухани білім нәрін сеуіп, заман ағымына сай елімізде болып жатырған саясатты насихаттауда кітапхана ісіне жаңашылықты еңгізе отырып, үгіт насихат жұмыстарын оқырмандар арасында жүргізіп келеді. 1966 жылы алғашқы кітапхана қызметкері Ихсанов Бораш болып қызмет атқарған.Осы жылдары мал шаруашылығының еңбеккерлері арасында жазғы жайлаулар мен қыс кезіндегі қыстақтағы оқырмандарға ат-көлікпен газет-журнал,кітаптар жеткізіп, жаңалықтың жаршысы, үгіт-насихат жұмыстарын қоғамдық негізде жүргізген бірден-бір малшы қауымының саяси жанашыры бола білген аға ұрпақтың бірі.
Осы кітапханада еңбек жасаған жылдарында аудандық мәдениет бөлімінен,совхоздың әкімшілігі,партия,кәсіподақ ұйымдарының мақтау грамота қағазымен, сыйлықтарымен бірнеше рет марапатталған.
Кеншардың құрметті азаматы Ихсанов Бораш бүгінде зейнет демалысында.
Алмуханова Алтынай Алмуханқызы 1969 жылдан 1985 жылға дейін Базартөбе ауылдық орталық кітапхана меңгерушісі болып қызмет атқарған. Алтын апай қызмет атқарған жылдарда елдегі саясатқа кітапханалық шара арқылы үгіт насихат жұмыстарын өзіндік дәрежеде өткізіп отырды. Соның ішінде фашистер қамалындағы Совет адамдарының батырлық құресін баяндау бағытында өткізген «Мұқалмаған батырлық» конференция, М.Шолоховтың «Адам тағдыры» пікір алмасу кештерінде тарихи-революциялық және әскери патриоттық әдебиеттерді насихаттау кітапханашының негізгі міндетінің бірі болды. А.Алмуханова еңбек еткен жылдары қызмет еткен ұжым атынан бірнеше рет алғыс хат және мадақтау грамоталарымен марапатталған азаматша Тайпақ, Ақжайық аудандық әкімдігімен аудандық мәдениет бөлімінің аудан аралық ұйымдастырған байқауының «Үздік кітапханашы» дипломымен, және білікті қызметі үшін грамоталармен марапатталып заттай сый-сияпат құрметіне ие болған қызметкер. Қоғамдық әйелдер кеңестің тұрақты мүшесінің бірі.
Ел арасындағы осындай еңбектері бағаланып 1985 жылы ауылдық кеңестің депутаттыққа ұсынылып,сайланған А.Алмуханова ауылдық кеңестің хатшылық қызметіне ауыстырылды. Осы салада 1998 жылдың қазан айына дейін қызмет атқарды. Казіргі кезде Алтын апай зейнеткерлік демалысында, көп балалы құрметті ана .
1985-2006 жылдары Салима Избасарқызы ауылдық кітапханада кітапханашы болып қызмет атқарған кездерінде де халқымыздың мәдени мұрасын кейінгі ұрпаққа жеткізуде, тіліміз бен дінімізді, әдебиетіміз бен мәдениетімізді дамытуда өз білімімен тәжірибесін ортаға салып,ауыл ел болашағы жастар мен жанұя тәрбиесіне мән бере аянбай еңбек етті.Осы ұзақ жылғы жемісті еңбегін бағалап,Қазақстан Республикасы мәдениет,ақпарат және қоғамдық келісім Министрлігі,Батыс Қазақстан Облыстық мәдениет басқармасы мақтау грамоталары және дипломдарымен марапаттаса, Тайпақ, Ақжайық аудандық әкімдігімен аудандық мәдениет бөлімінің аудан аралық «Үздік кітапханашы» белгісімен және бірнеше дүркін алғыс хатпен грамоталармен марапатталды. Заттай сый-сияпат құрметіне ие болған қызметкер.
2007 жылы маусым айынан бастап Базартөбе ауылдық кітапханасының меңгерушілік қызметін Н.Т.Құспанғалиева атқаруда. Жыл басынан кітапханада тұрақты кітап көрмелері «Қазақстан: ғасырлар мен мыңжылдықтар тоғысында», «Қазақстан -2030» (суретте) ұйымдастырылып көрмеге шолулар өткізіледі. Заман ағымына сай кітапханада көпшілік шаралар өткізуде жаңаша жұмыс түрлері қолданылып, ақпараттық библиографиялық жұмыс түрлері де жандана бастады. Жанадан келіп түскен әдебиеттерді оқырмандарға таныстыруда «Болашаққа бастайтын- саясат» тақырыптық жылжымалы көрмелері шығарылып мекемелерге апарылып библиографиялық шолулар өткізіледі. Оқырмандардың оқуына басшылық жасауда «Әдебиеттер әлемінде - саясат» әдебиеттер тізімі дайындалды. Кітапханада түрлі тақырыпта Мыс: «Қазақстандық патриотизм деген не?» сурақ жауап кеші, «Ел рәміздері-елдігімнің реңі, теңдігімнің тірегі» тақырыптық кеш ауылдың жасөспірмдері қатысуымен оздырылды. Тілдерді қолдану мен дамытудың 2001-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын насихаттауда «Тіл өшпес мұра» атты дөңгелек үстел ауылдың мекеме басшыларымен, мұғалімдермен, жастармен өткізілді. Сонымен қатар балалармен жұмыс жүргізуде жас оқырмандаға кітапханаға әдеби саяхат, ертеңгіліктер ұйымдастырып, түрлі тақырыпта әдеби кештер, сайыстар өткізуде.
1985-2007 жылдар аралығындағы оқырмандар, кітап қорының орташа есеппен алынған көрсеткіштері
Базартөбе ауыл округіндегі кітапханалардың 2004-2008 жылдар аралығында мерзімді басылым көрсеткіштері.