Атамекен ауылдық кітапханасы

Атамекен ауылдық кітапханасы ОКЖ-нің баланстық есебіндегі кітапхана ғимаратында орналасқан.

Жалпы көлемі- 50кв.м

 

Атамекен ауылы Ақжайық ауданынан 102 –км  қашықтықта Жайықтың оң жағалауында  орналасқан, халық саны- 575  тұрғыны бар.

Атамекен (бұрынғы Антонов) ауылдық кітапханасы 1955 жылы «Оқу үйі» болып құрылған.

Алғашқы құрылған жылдарда  кітапханашы Габдуллина Тойған..Тойған  әже жұмыс істеген жылдары әдебиет саны азғантай  болғанына қарамастан оқырмандармен  тығыз қарым-қатынаста болып қызмет атқарды. Ол кездегі ел бойынша сауатсыздықпен күрес ауылдың зиялы қауымымен кітапханашыға жүктелген бірде-бір міндет болды.Осы бағытта Тойған әжеміз тұрғындарды «Оқу үйінде» жинап дауыстап оқу,  әңгіме, үгіт насихат жұмыстарын жүргізіп, сол кездердің өзіңде-ақ қолдан түсірмей оқитын қызықты әдебиеттердің бірі Ғ.Мүсіреповтың «Оянған өлке», С.Мұқановтың «Бөтагөз» романдарын насихаттап  жастарға өткен тарихи өмірімен таныстырып отырды. Кітапханада Тойған  әжеміз 1958 жылға дейін қызмет еткен.

1963-65 жылдар аралығында Кайрекеева Жамал апай қызмет атқарған.

Кітап қоры небєрі 160-қа жуық әдебиеттерден құрылған. Кітап қоры аздығына қарамастан оқырман қауым көптеп келіп, кітапханашы Жамал апай тұрғындар арасында білікті насихатшы танылып кітапханалық шараларды да көптеп өткізіп жүрді. Соның ішінде С.Сейфуллинің «Тар жол тайғақ кешу», Ғ.Мұстафиннің «Дауылдан кейін» кітабы бойынша оқырман конференциялары өткізілді.

Кітапхана жұмысын  жалғастыра келе 1966-67 жыл аралығында Тасмағамбетова Бақыт  аулымыздың ардақты әжесі қызмет  атқарған.  Кітапханада Маркс, Энгельс, Ленин еңбектерін, КПСС Орталық Комитетінің документтерін, әсіресе Советтер Одағы Коммунистік партиясынның Программасын, сьезд шешімдерін кеңінен насихаттап, тақырыптық сөрелер, кітап көрмелерін ұйымдастырып, көпшілік жұмыстардың басқа да жанаша түрлерін жетілдіріп отырды.Кенес үкіметінің қызу жұмыстануы халыққа көзқарасы жақсы болуынан, жастарға отан сүйгіштікке ,жақсы білім алуға, жарқын өмір сүру мақсатында кітапханада түрлі тақырыпта шаралар ұйымдастырылып өткізіп отырды. Сонымен қатар, кітапханаға келетін мерзімді басылымдар бетінен «Еңбектің бәрі жақсы, соның ішінен қалағаныңды ал» деп аталған  қоржынға  қызықты мақалаларды бөлек  тігіп жинастырды, Бақыт апайдың жасалған жұмыстары елеусіз қала бермеді. Сондықтан  папканы оқырманның өзі қарағанына дейін жауып қоймай, кітапханаға келген 5-10 оқырманның басын қосып қызықты мақаланы оқып беретін болған. 

1967 жылы жас маман ретінде Жангалиева Жамиға кітапханашы болып тағайындалған. Еңбек еткен  жылдары бастамасында Алмалы (бұрынғы Котельный) ауылдық кітапханасынан 300–ге жуық әдебиет, тағыда басқа кітапханалардан алып және кітапханалардан келген  кітаппен қамтылып кітап қоры 5000-ға жетіп кітапхана одан әрі жандануына жол ашылды. Кітапханашынын жұмысының басты мақсаты оқырман қауымды отаншылдыққа, ұлағатты ұрпақтың жақсы білім алуына,ұлттық салт-дәстүрімізді сақтау т.б. сияқты  басты  мәселерді халыққа ,кітапхана оқырмандарына кеңінен насихаттау екені анық. Осы мақсатта ауыл фермаларға,алыс шалғайдағы елді мекендер немесе шопандардың ой-өрісін кеңейту бағытында окырмандарға қажетті және сұранысы бойынша әдебиеттер газет журналдар  жеткізіп тұрған.

Жамиға апай қызмет еткен жылдары оқырманды кітапханаға тартумен қатар, көпшілік шараларды жоспар бойынша өткізіліп отырған. Әсіресе клуб қызметкерлерімен, ауыл жастарымен, жас өспірімдермен қызықты шаралар  атқара білді. Сол уақытта  кітапхана партия мен үкіметтің қаулылары  бойынша  әр-түрлі шаралар ұйымдастырды. «Ардагерлер әуесқойлар»клубын ауыл ардагерлермен құрып, Тайпақ ауданың 60-жылдық мерекесіне орай  Клуб қызметкерлерімен бірлесе отырып  «Сырласайық женеше» (суретте) атты  әдеби байқау   ұйымдастырды. Қыз-келіншектермен қол өнер, үй-тіршілігі т.б. шаралар өтікізілді. Ақжайық ауданында өткен «Қызым, саған айтам,келінім сен тыңда» атты байқауға қатысып 3-ніші орынды жеңіп  алды. Котелный совхозының партия ұйымыныңң мақтау қағазы мен бірнеше рет марапатталды. Пішен бригадалары мен малшы шопандарды кітаппен күнделікті ақпараттармен таныстырып отырды.Кітапхана жұмысын жақсартуда көптеген еңбек жасай отырып кітапханада 40-жылға жуық қызмет атқарған, еңбегініңң еш кетпей халыққа рухани азық бере отырып, өз ауылында беделді ардақты, салиқалы әже болып 2006 жылы зейнеткерлікке  шықты. Зейнеткерлікке шықса да, ауылда өтетін мәдени іс-шараларға белсене қатысып,қоғамдық жұмыстарға өз үлесін қосуда.

2006-жылдың қараша айында  жас маман кітапхана саласында білімі бар Жангалиева София Тлекқабылқызы кітапхана жұмысын жалғастырды.

Қазіргі танда кітапхана шағын бөлек ғимаратта орналасып,кітап қоры 5905 дана әр саладағы әдебиеттерден толықтырылып,атау саны 10-ға жуық  мерзімді басылымдар мен қамтылған. Сонымен қатар кітапханада 342  оқырман тіркелді.  Кітапханашының басты мақсаттарының бірі оқырмандарды кітапханаға тарту,қызығушылығын арттыру,кітапты жєне қазіргі заманның талабына сай  насихаттау. Сондай-ақ кітапханада көптеген іс-шаралар өтікізіліп, оқырмандарды кітапханаға деген қызығушылығын арттыруда мысалы кітап көрмелері: «Президент жолдауы  - ел  қолдауы»,

«Ана тілім – ардақтым», «Мерейтой иелері» жазушылардын мерей тойына, «Жаңа кітаптар», «Ақпарат айнасы», «Балаларға базарлық», «Ертегі әлемі» кенінен насихаттап отырады. Елбасы жолдауын таныстыру, насихаттау мақсатында «Жолдауды  оқығанда», «Жаңғыру жолдауы» атты дөңгелек үстел өткізіді. Қазіргі уақытта  кітапхананың алар рөлі өте зор.

2007 жылдың қорытынды  бойынша  жақсы жас маман ретінде  Жангалиева София Тлекқабыл қызы  мақтау қағазымен  марапатталды.

Білімді ұрпақ, ұлтымыздың салт –дәстүрімен жастарды отанын суюге, ұлттық тәрбие беруге кітапхананың алар орны ерекше. Ал кітап пен кітапхананың тірішілігіне  жан беретін, ұлттық құндылықтар мен оқырмандар арасын жалғастырушы кітапханашылар.

Қартанбаева Айкөркем Ерланқызы БҚО Ақжайық ауданы Базаршолан ауылында дүниеге келіп, Ғ.Махамбетов атындағы ЖОББМ 2015 жылы тәмәмдап, Орал қаласында «Құрманғазы атындағы саз колледжі» 2017 жылы «Кітапхана ісі» мамандығы бойынша аяқтап. Атамекен ауылдық кітапханасында 2018 жылдың қыркүйек айынан бастап кітапханашы қызметін атқарып келеді. Алғашқы еңбек жолын Атамекен ауылдық кітапханасынан бастап кітапханадағы жалпы жұмыс өтілі: 6 жыл

Оқырмандарға ақпараттық қызмет көрсетіп, кітап қорын жаңартып, оқырмандарға қажетті әдебиеттер ұсынылады. Осы салада жас ұрпақты тәрбие алуына, кітап оқуына, білімін шыңдай түсуге, әдеби танымдығын кеңейту мен шектелмей, әрбір жазушының еңбегін оқырманға дұрыс насихаттау жұмыстарын жүргізумен қатар бүгінде жоғары білімді, жоғарғы талапқа сай кітапхана ісін дамытуға өз үлесін қосып келеді.

2019 жылы БҚО зағип және нашар көретін азаматтарға арнаулы кітапханасының 50 жылдығына орай өлкетану бағытында «Ең үздік басылым» бойынша II орын Қартанбаева Айкөркем Ерланқызы Қ.Бурамбаеваның «Диплом» марапатталды.

2019 жылы Тайпақ ауылы «Ән падишасы Шәмші» атты Ш.Қалдаяқовтың әндерін орындау байқауына белсене қатысып Қартанбаева Айкөркем III орын Б.Б.Шаленовтің «Диплом» марапатталды.

2021 жылы Мәдениет және өнер қызметкерлер күніне орай ҚР Мәдениет және спорт министірлігі БҚО мәдениет басқармасынан С.Дүйсеновтің «Алғыс хат» марапатталды.

2022 жылы Теректі ауданы ұйымдастырылған ҚР Мемлекеттік рәміздеріне 30 жыл толуына орай оқырмандары қол өнер бағыты бойынша Сүндетқали Інжу III орын, өз шығармасы бойынша III орын Ермеккали Мансұр Д.Е.Булатованың «Диплом» марапатталды.

2022 жыл «Ұлттық онлайн олимпиадалар орталығы» ұйымдастыруымен Абай Құнанбайұлының құрметіне өткен «Абай мұрагері» атты халық аралық өнер байқауына оқырманы Жасқабыл Әли «Диплом» марапатталды.

2022 жылы Х.Есенжанов балалармен жасөспірімдер кітапханасы ұйымдастырған облыстық «Қайрат оқулары» акциясына қатысып «Диплом» маратталды.

2023 жыл Х.Есенжанов балалармен жасөспірімдер кітапханасы ұйымдастырған облыстық «Қадыр Мырзалиевті оқимыз» акциясына қатысып «Диплом» маратталды.

2023 жылы аудандық «Әнім сенсің туған ел» атты әскери патриоттық сайысына қатысканы үшін Қартанбаева Айкөркем «Диплом» марапатталды.

2023 жылы Х.Есенжанов балалармен жасөспірімдер кітапханасы ұйымдастырған «Кітап достық көпірі» ұлттар әдебиеті (армян) бойынша оқырманы Жасқабыл Әли II орын Э.Аманғалиевадан «Диплом» марапатталды.

2023 жылы Жұбан Молдағалиев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы «Жылдың үздік жас кітапханашысы-2023» облыстық кәсіби шеберлік байқауында «Зерделі кітапханашы» номинациясы мен марапатталды.

2024 жылы БҚО мәдениет тілдерді дамыту және архив ісі басқарма басшысы Қ.Мұханғалиевтан «Диплом» мен Х.Есенжанов атындағы облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасынан статуеткамен кітап сыйға тартты.

2024 жылы Х.Есенжанов атындағы облыстық кітапхана басшысы Э.Аманғалиева «Ұлттық сана-ұлттық сезім» жас мамандарға арналған облыстық форумға қатысқаны үшін Сертификат иеленді.

2024 жылы «Ұлттық сана-ұлттық сезім» жас мамандарға арналған облыстық форумда үздіктер қатарынан көрінгені үшін Қартанбаева Айкөркем «Алғыс хат» марапатталды.

2024 жылы «Жаңа кітапхана - 3 Республикалық байқаудан «Диплом» лауреат I дәреже және «Алғыс хат» марапатталды.

2024 жылы Оқырманымыз Сейтбай Темірлан аудандық байқау «Абай әлемі» деп аталған байқаудан «Өлең сөздің патшасы сөз сарасы» бөлімінен 1-ші орынды иеленді. Кітапханамыз баспасөз беттеріне де шығып тұрады. Жергілікті мерзімді басылым «Жайық таңы» газетінің 40-шы нөміріне Қазан айының 3-і күні «Атамекенімнің рухани сақшысы» атты Әсет Сағындықтың мақаласы шықты. Мақалада оқырманның кітапханаға қатынасуы мен кітапханашының жетістігі жазылған.

Қазан айының 19, 20, 21 күндері орал қаласы Жұбан Молдағалиев атындағы филормония залында ҚРҰА кітапхана басшысының ақпараттық рессурстар бойынша орынбасары «100 жаңа есім» жобасының жеңімпазы Н.Н.Жолдыбалиновтың «Жасанды интеллект пен мобилография-кітапханадағы цифрлық мәдениеттің жаңа мүмкіндіктері» атты шеберлік сабағына қатысып сертификат алды.

2024 жылдың 24 қазан күні кітапханашылар күніне орай жас кітапханашылар арасында ұйымдастырылған «Мамандығым мақтанышым» атты аудандық байқауда I-ші орын иелендім. Сонымен қатар БҚО мәдениет және тілдерді дамыту басқарма басшысы Қ.Мұқанғалиевтің «Алғыс хат» марапатталдым.

 

Мемлекеттік рәміздер

Директор блогы

Мусағалиева Роза Сакенқызы

Блогқа өту

Баннерлер

  • 01
  • 02
  • 03
  • 04

Жол жүру сұлбасы

Батыс Қазақстан облысы, Ақжайық ауданы, Чапаев ауылы, Қонаев көшесі 73 үй
ДС-ЖМ 09:00-18:00