Тегісжол ауылдық кітапханасы мектеп ғимаратының25 кв.м к өлеміне орналасқан
Тегісжол елді мекені Ақжайық ауданының Алғабас ауылдық әкімшілігіне қарайды. Алғабас ауылының оңтүстігінде 6 шақырым қашықтықта орналасқан. Бұрынғы Киров колхозының ізіндегі егістік шаруашылығы дамыған, малға шұрайлы, жері құнарлы ауыл болған. Тегісжол ауылының ертедегі аты- Горбунов деген байдың атымен аталған.
Горбунов ауылдық кітапханасы 1974 жылы ашылып кітапхана қызметін Сәуле Сундетова атқарды. Ауыл кітапханасы мектептің ғимаратында орналасқан. Заманың ағымына сай кітапханада Лениндік оқулар, сьезд шешімдерін насихаттай отырып еңбекшілер арасындағы социалистік міндеттемелер жарысын «Найзағай» жар ғазеттері, үндеу арқылы кітапханашы тұрғындарға үгіт-насихат жұмыстарын жүргізіп отырды.
1997 жылдардан Горбунов ауылдық кітапханасында Бисенғалиева Дәмелі жұмыс жасап, оқырмандарын тауып ауыл тұрғындар арасында жоғары дәрежеде қызмет көрсетіп отыр.2003 жылы 3 наурызынан Мәдениет бөлімінің № 16 бұйрығының негізінде ауыл атаулары өзгеруге байланысты Горбунов ауылдық кітапханасы Тегісжол ауылдық кітапханасы болып өзгертілді. Қазіргі уақытта кітапханада 206 оқырман бар. Кітапхананың жалпы қоры -5949 соның ішінде қазақ тілінде 3213. Өлкенің тарихына ерекше көз қарасын білдіртіп оқырман арасында өлке тарихын танытуда түрлі шаралар ұйымдастыруда.
Мыс: Ертеде Тегісжол ауылынан 1шақырым шамасында, солтүстігінде, сырты қоршаулы алма теректері болған. Өлкетану және өлкенің экологиясына, табиғатына көп көніл аудараған Дәмелі ауылдың жасөспірімдерін, қарияларды кітапханада өткен шараларға қатыстырып «Өз өлкеңді білесіңбе?» атты өлкетану сабағын өткізді. Шараға қатысқан қариялардың айтуы бойынша Қазіргі кезде ол ауылдың төмпешік орны ғана бар және сол кезден қалған шамамен 80-90 жыл жасаған 7 түп қарт теректер бар. Ең жуанының діңіне үш кісінің құшағы жетеді екендігін әңгіме қылып, теректің тарихын, алмасы өте дәмді, бір алмасы 450-500гр. салмақ тартып, облыс бойынша Логашкин алмасы бірінші орын алғанын суреттер (суретте) бойынша көрсете отырып оқырмандарға, ауылдың жастарына жеткізді.
Кітапхана жұмысында сонымен қатар кітапханада ауыл тұрғындар, мамандар, оқушылар арасында түрлі тақырыпта көпшілік шаралар ұйымдастырып, оқырмандарын елімізде болып жатқан өзгерістермен таныстырып отырады.
Кітапханашы Дәмелі А.Гайдар атындағы облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасының ұйымдастыруымен атақты ақын, қоғам қайраткері Ш.Бөкейдің 160 жылдығында орай семинарға қатынасып қайтты. Дәмелі әрдайым аудандық, облыстық семинар-кеңестерге қатынасып өз білімін шындап отырады.
2004 жылы Аудандық «Үздік кітапханашылар» байқауына қатысып «Шығармашылық қабілеті биік» дипломымен марапатталды. Жұмысын жақсы білетін, жаңа заман талабына сай оқырмандарға қызмет көрсету шеберлігін танытып жүрген Дәмелі 2006 жылы 15 қазан кітапханашылар күніне орай кітапхана саласындағы кәсіби шеберлігі үшін құрмет граматасымен марапатталды. 2007 жылы Облыстық балалар және жасөспірім кітапханасының Х.Есенжановтың 100 жылдығына дайындаған байқауына қатынасып Дәмелі, әдістемелік құрал дайындап «Алғыс хатпен» марапатталды.
Дәмелі Сенбіқызы 2001-2006 жылдар аралығында Батыс Қазақстан Мемлекеттік Университетін кітапханашы библиограф мамандығы бойынша бітіріп 1997 жылдың тамыз айынан бастап Тегісжол ауылдық кітапханасына кітапханашы қызметіне орналасты.
2011 жылы ҚР Тәуелсіздігінің 20 жылдығына орай ОКЖ кітапхана директоры Р.С.Мусағалиеваның атынан Библио сыйлығының «Шалқар шабыт» аталымы бойынша марапат алды.
2014 жылы Халықаралық Алаш сыйлығының және Құрмет орденінің иегері, ақын А.Бақтыгерееваның 70 жасқа толуына орай жарияланған «Жырымды саған арнаймын», «Мені оқитын халық бар» аудандық жыр, эссе байқауына белсене қатысып, шығармашылық талантын, ізденіс іздерін байқатқаны үшін ОКЖ-ның директоры Р.С.Мусағалиеваның «Алғыс хат» марапатталды.
2016 жылы Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай, ауданымыздың кітапхана ісі мен оқу мәдениетін дамытуға қосқан үлесі үшін Дәмелі Чапаев ауылындағы ОКЖ директоры Мусағалиевадан «Алғыс хат» марапатталды.
2016 жылы Мәдениет және өнер қызыметкерлері күні қарсаңында Ақжайық ауданының әкімі Ә.Жоламановтың «Алғыс хат» марапатталды.
2018 жылы Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың «100 нақты қадам» Ұлт жоспары аясында Тегісжол ауылындағы медиаторлық қызметі үшін Ақжайық ауданы әкімінің міндетін атқарушы А.Абуғалиевтың «Алғыс хат» марапатталды.
2018 жылы Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі күні қарсаңында кітапхана саласындағы еңбегі үшін Ақжайық ауданының әкімі Қ. Айтмұхамбетовтың «Алғыс хат» марапатталды.
2018 жылы Алғабас топырағынан түлеп ұшқан, әйгілі жыршы, термеші-Қаламқас Орашеваның 65 жылдық мерейтойына орай Дәмелі, «Қазақ дәстүрлі ән өнерінің алдаспаны» тақырыбымен көмекші құрал шығарды.
2018 жылы Дәмелі Сенбіқызы «Мен анамын ұрпағын әлдилеген» атты әжелер арасындағы аудандық байқауда үздік өнер көрсеткені үшін ІІІ дәрежелі «Диплом» марапатталды.
2018 жылы Мәдениет және өнер қызыметкерлер күніне орай Ақжайық ауданының әкімі Ә.Т.Жоламановтың «Алғыс хат» марапатталды.
2018 жылы ҚР Тәуелсіздігі күніне Аудан әкімі Қ.Айтмұхамбетовтың «Алғыс хат» марапатталды.
2019 жылы Аудандық кітапхананың ұйымдастыруымен өткізілген «Жастар жылы-2019» жас оқырмандарды кітап оқуға тарту мақсатында ұйымдастырылған «Жастар кітап таңдаймыз» атты фото байқауда кітапхананың тұрақты оқырманы Өмірзақ Фариза «Алғыс хат» марапатталды.
2021 жылы ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай Дәмелі Сенбіқызы Ақжайық ауданы әкімі Қ. Айтмұхамбетовтың «Алғыс хат» марапатталды.
2021 жылы – Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай Ақжайық ауданының әкімі Қ.Айтмұханбетовтың «Алғыс хат» марапатталды.
2022 жылы Жалпы ұлттық референдумды ұйымдастыру мен өткізуге белсене қатысқаны үшін Ақжайық ауданы әкімі Қ. Айтмұхамбетовтың «Алғыс хат» марапатталды.
2022 жыл Ж. Молдағалиев атындағы облыстық әмбебап-ғылыми кітапханасы ұйымдастырған «С.Сейітов «Талант парасаты: екі ғасырмен егіз өрілген тағдыр» республикалық аймақтық байқауы «Алғыс хат» марапатталды.
2022 жылы Жерлес ақын атамыз Жұбан Молдағалиевтің туған күніне орай өткізілген «Жұбан жырлары жүрегімізде» атты аудандық байқаудың үш кезеңі: «Жұбанның сырлы әлем» бөлімі бойынша Республика партиясы атынан кітапханашы Дәмелі Сенбіқызы «Алғыс хат» марапатталды.
2023 жыл Қазақстанның Халық жазушысы, КСРО және Қазақстан Мемлекеттік сыйлықтарының лауреаты, ақын Жұбан Молдағалиевтің туған күніне орай оздырылған «Жұбан жырлары жүрегімізде» атты байқауына белсене қатысқаны үшін «Алғыс хат» марапатталды.
2023 жылы Қадыр Мырзалиевті оқимыз акциясына Тегісжол ауылдық кітапханасының үш оқырманы Ерболат Инабат, Мирам Нұрым, Дәулет Айару қатысып, «Алғыс хат» марапатталды.
2023 жылы Дәмелі Сенбіқызы өзі сүйіп оқитын аудан айнасы «Жайық таңы» газетіне түрлі тақырыпта мақалалар беріп отырады.
«Сағынышқа айналған қайран Нарын» ауқымды шарасы аудандық «Жайық таңы» газетінің № 37 жарияланды.
- Жыршы, термеші Қаламқас Орашеваның 70 жылдық мерейтойына арналған еске алу кеші Жаңажол ауылында өткзілген аудандық «Жайық таңы» 2023 жыл газетінің шілде айындағы санында кітапханашы Дәмелі Сенбіқызының мақаласы жарық көрді.
2023 жылы «Татулығы ерек Тегісжолым» тақырыбымен ауылдастары жайында жазған кітапханашы Дәмелі Сенбіқызының кезекті мақалаласы аудандық «Жайық таңы» газетінің № 51 санында жарияланды.
2024 жылы 9 Мамыр Ұлы Жеңіс мерекесінің 79 жылдығы қарсаңында Жеңісті жақындатуға өз үлестерін қосқан ауылдағы тыл еңбектерін жас ұрпаққа насихаттау мақсатымен «Жайық таңы» газетінде кітапханашы Дәмелі Сенбіқызының «Аналардың ақ тілегімен, маңдай терімен келген Жеңіс» тақырыбына жазған мақаласы №18 санында жарияланды.
2024 жылғы тасқын судан ауылды аман сақтап қалу үшін, аяанбай еңбек еткен ауыл азаматтарының еңбегіне ризашылығын білдіріп, аудандық Жайық таңы газетіне «Елім деген ер болғасын, ауылым судан аман қалды» тақырыбымен аудандық Жайық таңы газетінің № 19 санында Дәмелі Сенбіқызының мақаласы жарияланды.
2024 жылы Ерен еңбегі үшін медалінің иегері, ақын, жұбантанушы, Ақжайық ауданының құрметті азаматы, ардагер ұстаз Үзілдік Елубайқызының 70 жас мерейтойына арналған «Ел деген алтын тұғырым» атты әдеби сазды кездесу кеші Алғабас коммунити орталығында оздырылды.