Жаңажол ауылдық кітапханасы

Жаңажол ауылдық кітапханасы мәдениет үйі ғимаратының 50 кв.м көлеміне орналасқан.

Жаңажол – бұрынғы Алғабас колхозының  орталығы болып, ( бұрынғы атауы Тельнов ауылы) негізінен  ауылшаруашылығы  өнімдерін өндірумен шұғылданды.  Сол кезде көптеген пункттердің ішінде Белағаш, Жаңажол, Партнов тұрғындарының көпшілігі орыс ұлты болған. Ауыл тарихы туралы мәліметтер өте аз болғандықтан, үлкен кісілердің сөзінен ғана білуге болады.

1981 жылы  1 ақпандағы аудандық атқару комитетінің шешімімен  Киров ауылдық Советіне қарасты Тельнов ауылында кітапхана ашылды.  Алғашқы кітапханашы болып Кубишева Алтын  еңбекке кірісіп , ауылдың тұрғындарына кітапханалық қызмет, рухани нәр беруші және  елімізде болып жатырған саясатын насихаттап  КПСС сьезінің шешімдерін жүзеге асыру жолында  «Мал шаруашылығы селодағы екпінді майдан» стенд , плакат (суретте) шығарып  тұрды. Сонымен қатар, науқандық жұмыстар сахман, егін жинау уақыттарында жаңа кітаптарымен мерзімді басылымдар «Найзағай» жар газетін шығарып, агитбригадаларға шығап насихат жұмыстарын жүргізді.  

 

 

 

Аудандық кітапхананың дубликат кітаптары бөлініп  ауыл тұрғындар көмегімен  кітап қөры толықтырылды.

 

Тұрғындар арасында үгіт-насихат жұмыстарын жүргізіп, кітапхана саласы бойынша  кәсіби білімін қызмет атқара жүріп аяқтаған . Кітап қорын сақтауда , оқырмандарға каталогпен жұмыс жасауда кітапханалық сабақтар жүргізіп отырды.  

 

2003 жылдың шілде айынан бастап кітапханашы  Г.Әбдірахманова  жұмыс істеп келе жатыр  оқырмандарына түрлі тақырыпта кітап көрмелер ұйымдастырып, насихат жұмыстар жүргізіп, Елбасының Жолдауларын насихаттап, ауыл мамандар арасында ақпарат күндер ұйымдастырып, кездесу кештер, дөңгелек үстелдер, балаларға ертеңгіліктер, дауыстап оқу, түрлі тақырыпта әдеби ойындар  өткізіп отырады.

Мемлекеттік рәміздер

Директор блогы

Мусағалиева Роза Сакенқызы

Блогқа өту

Баннерлер

  • 01
  • 02
  • 03
  • 04

Жол жүру сұлбасы

Батыс Қазақстан облысы, Ақжайық ауданы, Чапаев ауылы, Қонаев көшесі 73 үй
ДС-ЖМ 09:00-18:00