Сисенов Есенжан Кенжеғалиұлы – 1960 жылы 30 мамырда Тайпақ ауылында дүниеге келген. 1967 жылы 1-сыныпқа қабылданып, 1977 жылы мектеп бітірген. 1980 жылы әскер қатарына шақырылған ол 1980-1982 жылдары Ауған жерінде интернационалистік борышын атқарып, «КСРО-ның 70 жылдығы», «Жауынгерлік ерлігі үшін» және «Интернационалист жауынгер» медальдарымен марапатталған.