Искалиев Махамбет Закарияұлы

Искалиев Махамбет Закарияұлы - 04.07.1965 жылы Батыс Қазақстан облысы, Ақжайық ауданы Краснояр елді мекенінде дүниеге келген. 1972-1982 жылдары Краснояр орта мектебінде оқыған. 1983 -1984 ж.ж Беларусь республикасы Молодечно қаласының ТУ -78 училищесінде радиоаппаратураларға күтім көрсету және оңдау механигі мамандығын алған. 14.10.1984. –02.02.1987 жылдары Кеңес армиясының қатарында болған. 02.02.1985-02. 02. 1987 жылдары аралығында Ауған демократиялық республикасында интернационалдық борышын өтеген. «КСРО Әскер күшіне -70 жыл», «Ұрыс әрекеттерінің ардагері», «Ізгілікті Ауған халқынан», «Кеңес әскерлерінің Ауған жерінен шығарылғанына 20 жыл» медальдары және грамоталарымен марапатталған. 1987-1997 жылдары Тайпақ аудандық мемлекеттік банкісінде экономист болып қызмет атқарды. 1997-2007 жылдар аралығында №10 кәсіптік лицейде өндірістік оқыту шебері, арнаулы пән оқытушысы болып жұмыс жасаған. 2007 жылдан бастап, 2014 жылға дейін директордың тәртіп жөніндегі орынбасары болып қызмет атқарды. 2014 жылдан 2024 жылға дейін денсаулығына байланысты 1 топ мүгедектігіне шығарылды. 2024 жылдың 6 қаңтар күні ауған соғысының ардагері Искалиев Махамбет Закарияұлы өмірден озды.

 

Мемлекеттік рәміздер

Директор блогы

Мусағалиева Роза Сакенқызы

Блогқа өту

Баннерлер

  • 01
  • 02
  • 03
  • 04

Жол жүру сұлбасы

Батыс Қазақстан облысы, Ақжайық ауданы, Чапаев ауылы, Қонаев көшесі 73 үй
ДС-ЖМ 09:00-18:00