Мурзагалиев Нұғман Ғаділжанұлы - 1968 жылы 16 наурызда Ақжайық ауданы, Есенсай ауылында дүниеге келген. 1975-1985 жылдары Есенсай орта мектебін тәмамдаған соң, әскери комиссариат жанынан ДОСААФ-та жүргізуші мамандығына оқыған. 1986 жылы сәуірде әскер қатарына шақырылып, үш ай Орджоникидзеде оқу-жаттығудан өткен соң, сол жылы тамызынан 1988 жылға дейін Ауғанстанда интернационалдық борышын өтеген. Қазіргі уақытта Есенсай ЖОББМ-де алғашқы әскери даярлық пәні мұғалімі болып қызмет атқарады.