Изимов Бауыржан Қанатұлы

Изимов Бауыржан Қанатұлы - 1967 жылы 16 желтоқсанда Ақжайық ауданының Қарауылтөбе ауылында дүниеге келген. 1985 жылы Тайпақ орта мектебін бітіріп, 1986 жылы сәуір айында әскер қатарына шақырылды. Ол Ауғаныстан елінің Кандагар, Шындант, Кабул шаһарында интернационалдық борышын өтеп, 1988 жылы тамыз айында туған еліне оралады. КСРО әскери күшінің 70 жылдығына арналған медалімен, «Ауған халқының алғысы» медалімен, «Интернационалист-жауынгер» медалімен, «Қазақстан Республикасының Ардагері» медалімен, «Жауынгерлік құрмет» төсбелгісімен марапатталған. 1987 жылы ол әскери борышын атқарған батальонның командирінен ата-анасына «Алғыс хат» жіберілген. Еліне оралған соң туған ауылының көркеюіне атсалысып, құрылысшы қызметін атқарды. Қазіргі таңда жеке кәсіпкер. Жанұясында жолдасы, төрт ұлы, үш немересі бар.

Мемлекеттік рәміздер

Директор блогы

Мусағалиева Роза Сакенқызы

Блогқа өту

Баннерлер

  • 01
  • 02
  • 03
  • 04

Жол жүру сұлбасы

Батыс Қазақстан облысы, Ақжайық ауданы, Чапаев ауылы, Қонаев көшесі 73 үй
ДС-ЖМ 09:00-18:00