Сабырғалиев Жәдігер Өтемісұлы

Сабырғалиев Жәдігер Өтемісұлы Батыс Қазақстан облысы, Ақжайық ауданы Алғабас ауылының Тегісжол бөлімшесінде 1968 жылы 21 қыркүйекте дүниеге келген. 1976-1986 жылдары Киров орта мектебінде оқыды. 1986 жылдың қазан айында Өзбекстан, Самарқан қаласында әскери міндетін өтеп жүргенде, Ауғанстанға жіберілді. 1987-1988 жылдары Джалалабад провинциясында байланыс бөлімінде әскери борышын өтеді. 1988 жылдың мамыр айынан бастап Өзбекстанның Черчик қаласында әскери міндетін соңына өтеп,  елге оралады. 1991 жылы Өзбекстанда үш айлық курстан өтіп, кіші лейтенант шенін алады. Адал еңбегінің нәтижесінде бірнеше грамоталармен марапатталады. Жанұясында жолдасы Әлиямен бірге бір қыз, бір ұл тәрбиелеп, ұлын ұяға, қызын қияға қондырып отыр. Қазіргі таңда екі жиеннің атасы.

Мемлекеттік рәміздер

Директор блогы

Мусағалиева Роза Сакенқызы

Блогқа өту

Баннерлер

  • 01
  • 02
  • 03
  • 04

Жол жүру сұлбасы

Батыс Қазақстан облысы, Ақжайық ауданы, Чапаев ауылы, Қонаев көшесі 73 үй
ДС-ЖМ 09:00-18:00