Фазыл Уахитұлы

ҚАЗ

Фазыл Уахитұлы 1960 жылы БҚО, Ақжайық ауданы, Қызылжар елді мекенінде дүниеге келді. 1978 жылы Тайпақ орта мектебінен орта білім алып, өзінің таңдаулы жолы спортқа деген құштарлығымен Алматы дене шынықтыру институтына оқуға түседі. Жоғары оқу орнында оқып жүріп еркін күрестің қыр-сырын меңгереді. 1982 жылы "Дене шынықтыру пәнінің мұғалімі және бапкер" мамандығы бойынша диплом алып, Краснояр орта мектебінде күрес үйірмесіне жетекшілік жасайды. Үйірмеде күрес тарландары Мүсілім Оңдағанов, Ерболат Ихсанов, Бейбіт Нәсіпқалиев, Берік Жұмағалиев, Қазбек Ибрашев сынды шәкірттер тәлім алады.

Фазыл Уахитұлы талай белестерді бағындырған спортшы. Ұлы Жеңістің 40 жылдығы қарсаңында Совет Одағының Батыры А. Шурихин атындағы турнирдің екі мәрте І орын жүлдегері. Жақсылық Үшкемпіров атындағы турнирде 74 кг салмақ дәрежесінде спорт шеберлігіне үміткер атағын иеленген.

РУС

Фазыл Вахитович родился в 1960 году в селе Кызылжар Акжаикского района ЗКО. В 1978 году окончил среднюю школу в селе Тайпак, затем поступил в Алматинский институт физической культуры. Обучаясь в вузе, освоил азы вольной борьбы. В 1982 году получил диплом по специальности " учитель физической культуры и тренер". Руководил кружком борьбы в Красноярской средней школе. В кружке обучались бойцы спортсмен, покорившие множество вершин такие как Муслим Ондаганов, Бейбітолат Ихсанов, Бейбит Насипкалиев, Берик Жумагалиев, Казбек Ибрашев, Фазыл Уахитович. Фазыл Вахитович двукратный призер турнира имени Героя Советского Союза А. Шурихина в канун 40-летия Великой Победы где занял І место. На турнире имени Жаксылыка Ушкемпирова в весовой категории 74 кг завоевал звание кандидата в мастера спорта.

ENG

Fazyl Vakhitovich was born in 1960 in the village of Kyzylzhar, Akzhaik region, WKO. In 1978 he received his secondary education at the Taipak secondary school, entered the Alma-Ata Institute of Physical Culture. Studying at the university, he masters the basics of free-style wrestling. In 1982 he received a diploma in the specialty "physical education teacher and trainer", led a wrestling circle in the Krasnoyarsk secondary school. The circle trained fighters Muslim Ondaganov, Beibitolat Ikhsanov, Beibit Nasipkaliev, Berik Zhumagaliev, Kazbek Ibrashev. Fazil Uakhitovich is an athlete who has conquered many peaks. Two-time winner of the 1st place in the tournament named after Hero of the Soviet Union A. Shurikhin on the eve of the 40th anniversary of the Great Victory. At the tournament named after Zhaksylyk Ushkempirov in the weight category of 74 kg, he won the title of candidate for master of sports.

Мемлекеттік рәміздер

Директор блогы

Мусағалиева Роза Сакенқызы

Блогқа өту

Баннерлер

  • 01
  • 02
  • 03
  • 04

Жол жүру сұлбасы

Батыс Қазақстан облысы, Ақжайық ауданы, Чапаев ауылы, Қонаев көшесі 73 үй
ДС-ЖМ 09:00-18:00