1995 жылы 28 желтоқсанда Батыс Қазақстан облысы, Ақжайық ауданы Қадырқұл ауылында дүниеге келген. Ауыл мектебін оқып бітірген. 2020 жылы Орал қаласында өткен Қадыр мүшәйрасында арнаулы жүлдеге, Жұбан Молдағалиевтің 100 жылдығына орай өткен аймақтық мүшәйрада 3 орынға ие болды. 2022 жылы «Жансебіл» атты өлеңдер жинағы жарық көрді.