Қабжан Қазыбек Құттымұратұлы 1970 жылы 5 қыркүйекте Батыс Қазақстан облысы, Ақжайық ауданы, Жаманқұдық ауылында туған. Қызылжар орта мектебін бітірген. Әл-Фараби атындағы Қазақ Мемлекеттік Ұлттық университетінің журналистика факультетінің түлегі. Өлеңдері республикалық мерзімді басылымдарда, 1995 жылы студенттердің «Толқыннан толқын туады» жинағында, 2000 жылы “Жас ақындар жырларының антологиясында” жарық көрген. 2001 жылы Батыс Қазақстан облысының әкімі Қ. Көшербаевтың демеушілігімен “Сағыныш” атты жеке жинағы Алматы қаласындағы “Өлке” баспасынан жарыққа шықты. Жергілікті мүшәйралардың бірнеше мәрте жүлдегері. 2004 жылы VII Халықаралық “Шабыт” шығармашыл жастар фестивалінде ІІ жүлделі орынды иемденді. Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі. 2010 жылы «Ақ Жайық қаламгерлерінің кітапханасы» сериясымен Орал қаласында жарық көрген «Жас жүректер жырлайды» жинағына бір топ шығармасы енді. 2015 жылдан «Егемен Қазақстан» газетінің Батыс Қазақстан облысындағы меншікті тілшісі қызметінде. 2017 жылы «Ақпарат саласының үздігі», 2018 жылы «Үздік өлкетанушы» төсбелгілерімен марапатталған.