1920 жылы Батыс Қазақстан облысы, Казталов ауданы, Балықшы ауылында дүниеге келген. 1939 жылы әскер қатарына шақырылып, 1943 жылға дейін неміс - фашист басқыншыларына қарсы ерлікпен шайқасқан. Екінші дәрежелі Отан соғысы орденінің иегері. 1944 жылдан бастап ішкі істер бөлімінде еңбек жолы басталады. Милиция подполковнигі. Осы салада Казталовка, Жалпақтал, Приурал, Бөрлі аудандарында қызмет еткен. 1970 жылға дейін бірнеше жыл Ақжайық ауданында ішкі істер бөлімін басқарды. 1958 жылы алғашқы облыстық айтысқа қатысып, «Облыс ақыны» атанды. «Сол бір дәурен», «Шыңдалған жыр семсері» атты өлеңдер, толғаулар мен поэмалар жинағы жарық көрді.