1937 жылы 10 мамырда Батыс Қазақстан облысы, Жаңақала ауданы Шалқар ауылында дүниеге келген. 1955 жылы Ақжайық ауданына отбасымен көшіп келіп, қазақ орта мектебін бітірген. Алматыдағы жеңіл өнеркәсіп техникумын тәмамдаған. Крутельный цехта мастер болып жұмыс жасап жүріп, сырттай Мәскеу жеңіл өнеркәсіп университетіне түсіп, 1961 жылы бітіріп шығады. 1964 - 1994 жылдар аралығында Ақжайық ауданы Алмалы ауылында почта бөлімін басқарған. 2018 жылы «Біздің әулет» атты естелік кітабы жарық көрді.