1979 жылы Батыс Қазақстан облысы, Ақжайық ауданының Қурайлысай ауылында дүниеге келген. БҚО М.Өтемісов атындағы университетті бітірген. Облыстық «Орал өңірі», республикалық «Алтын Орда», «Заң» газетінде, «Тұмар» журналы, ҚР Ішкі істер органдары Медиа орталығының «Сақшы», «Астана ақшамы» газетінде, «Qazkontent» АҚ «Қазақстан тарихы порталы» интернет-жобасында журналистік қызметтер атқарған. «Секундтар арасындағы шексіздік» (2021 ж), «Айтылмаған сыр»(2022 ж), «Сандық» ( 2023ж) проза жинақтарының авторы. 2018 жылы «Жас алаш» газетінің «Қазақ пен қала» байқауында «Бейуақта ашылған құпия» хикаяты 2-орын; 2019 жылы «Адырна» журналының» «Алтын жебе» байқауында «Сарымсақ қосылған ұлу еті» хикаяты 3- орын; 2020 жылы «Ауыл» партиясы мен «Мәдениет порталы» ұйымдастырған «Ауылым – алтын тұғырым» байқауында «Қара қазан» әңгімесі 2-орын; 2021 жылы «Заң газетінің» К.Тоқаев атындағы детектив шығармалар байқауында «Қабырғадағы портрет жымияды» шығармасы 3-орын; 2023 жылы «Janr» Жетісу әдеби клубының «Жетісу көктемі» байқауында «Мылқаудың сыбыры» повесі 2- орын; ҚР ІІМ-нің «Серт» детектив шығармалар байқауында «Сен бүгін ерекше әдемісің» шығармасы 2-орын алған. 2015-2022 жылдары «Фолиант» баспасынан шыққан шетелдік танымдық кітаптарды қазақ тіліне аударған. «Черчилль: Ерекше тағдыр... жарқын белестер» (Бренд Ральф Льюис); «Рим. Ежелгі өркениеттің тарихы мен қазынасы» (Джорджио Ферраро); «Күйзеліс»; «Грекия. Ежелгі өркениеттің тарихы мен қазынасы» (Стефано Маджи); «Астана. Сәулеттік жолнұсқа» (Филипп Мойзер), «Қонжықтың хикаялары» сериясы (Хейди Ховарт, Дэниел Ховарт); «Сандерсон ертегілері» (Руф), сонымен бірге Маргарет Митчеллдің «Жел өтіндегі тағдырлар» («Унесенные ветром») романының 1-томы. Қазіргі уақытта «Әдебиет порталының» қызметкері.