1937 жылы 16 наурызда Батыс Қазақстан облысы, Ақжайық ауданының Мойылды ауылында дүниеге келген. 1956 жылы Орал педучилищесін, 1961 жылы Алматы қыздар пединститутын тәмамдап, Ы.Алтынсарин атындағы мектепте ұстаздық қызмет атқарған. Республика мұғалімдерінің 1978 жылы өткен V съезінің делегаты болды. Қазақ ССР-іне еңбек сіңірген мұғалім, оқу-ағарту ісінің үздігі. Бірнеше мерекелік медальдармен, министрліктің, облыстық, аудандық білім бөлімдерінің, партия, кәсіподақ органдарының грамоталарымен марапатталған. «Жүрек толқындары», «Тылсым дүние – сырлы әлем» , «Ана – өмір, ана- шуақ, ана - күн» атты жыр жинақтары жарық көрді.