1965 жылы 1 қыркүйекте Батыс Қазақстан облысы, Ақжайық ауданының Шағатай ауылдық округіне қарасты Қызылжар ауылда дүниеге келген. 1993 жылғы Әл - Фараби атындағы ҚазҰУ журналистика факультетінің түлегі. Қазақстан Жазушылар одағының және Қазақстан журналистер одағының мүшесі, ҚР Ақпарат саласының үздігі. «Күн бала», «Жиһанкез», «Ақкербез», «Жаныма жақын жағалау», «Биленбеген вальс» атты кітаптары жарыққа шыққан. Облыстық қоғамдық-саяси «Орал өңірі» газетін басқарып келе жатқан білікті басшы.