1954 жылы 19 наурызда Батыс Қазақстан облысы, Ақжайық ауданының Сайқұдық ауылында дүниеге келген. Ұстаз, айтыскер ақын. 1970 жылы №11 С.Сейфуллин атындағы орта мектепті аяқтаған. 1981 жылы Орал қаласындағы А.С.Пушкин атындағы педагогикалық институтының қазақ тілі мен әдебиет бөлімін бітірген. 1970 – 1976 жылдары Есенсай орта мектебінде мұғалім болып еңбек ете жүріп аудандық «Ленин жолы» газетінің жергілікті тілшісі қызметін қоса атқарған. 1991 жылдан бірнеше рет облыстық, республикалық айтыстарда жүлдегер атанған. Республикалық Қ.Айтқалиев атындағы атаулы мектеп мүшесі, Жұбантанудың негізін қалаушы,жоғары санатты ұстаз. «Ауылда менің ғұмырым», «Халық батыры - Жұбан» , «Бозторғайымын даламның» атты кітаптары жарық көрді. Қазақстан Республикасы «Білім беру ісінің үздігі», «Ақжайық ауданының құрметті азаматы» , «Тәуелсіздікке 20 жыл», «ҚР Мәслихатына 20 жыл», «Мәдениет майталманы», «Ақжайық айтысының 60 жылдығы», «Ерен еңбегі» медалдарының иегері.