1930 жылы Батыс Қазақстан облысы, Ақжайық ауданы, Қаратөбе ауылында дүниеге келген. Ақын, журналист. Ұзақ жыл аудандық газетте редактордың орынбасары, редактор, кейін партия, Кеңес органдарында жауапты қызметтер атқарған. 1958 жылы облыстық айтыста бірінші орынды жеңіп алды. Бұл айтыс «Ақындар үні» (1958) жинағына және «Жазушы» баспасынан шыққан үш томдық «Айтыс» кітабына (1966) енген. 1958 жылы «Облыс ақыны» деген атағы берілген. 1998 жылы Ақжайық ауданында дүниеден озды.