1927 жылы Ақжайық ауданы, Жаңабұлақ ауылында дүниеге келген. С.М. Киров атындағы ҚазМУ - дың филология факультетін бітірген. Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі болған. Облыстық «Октябрь туы», «Орал өңірі», аудандық «Еңбек - Труд» газетінде 35 жыл еңбек еткен. Аудандық «Қазақ тілі» қоғамының төрағасы болды. «Правда», «Социалистік Қазақстан», «Леніншіл жас» газеттерінде мақалалары шығып тұрған. «Қайдасың, қайран ақ еркем», «Ардақты ауылдастарым», «Гиндукуш аспанында», «Жайық жайсаңдары» атты кітаптардың авторы.