1948 жылы 22 ақпанда Ақжайық ауданы, Тайпақ ауылында дүниеге келген. С. М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің журналистика факультетінде оқыған. 1963 жылы алғашқы өлеңдері аудандық «Ленин жолы», облыстық «Орал өңірі», республикалық «Социалистік Қазақстан» (қазіргі «Егемен Қазақстан») газеттерінде, «Жалын» журналында басылды. 1980 жылы «Құлыншақ көктем», 1992 жылы «Көзайым келешек», 2008 жылы Алматы қаласы, «Арыс» баспасынан «Жүрегіме жүгі түсті жаһанның» атты кітаптары жарыққа шықты . 1984 жылы 5 сәуірде қайтыс болған. Тайпақ ауылындағы қорымда жерленген.