Ақжайық ауданы 1997 жылы бұрынғы Чапаев және Тайпақ аудандарының біріктірілуі негізінде құрылған облыстағы ірі аудандардың бірі. Аудан Батыс Қазақстан облысының орталық бөлігін алып жатыр. Аумағы - 25,7 мың шаршы км. Тұрғыны - 42360 адам. 52 елді мекеннің басым бөлігі Жайық өзенін жағалай орналасқан.
Бiз туралы
Құшағында сан жылдардың қазына білімін қастерлеп, сақтап келген аудан орталығындағы кітапхананың құрылғанына ғасырға жуық уақыт болды. Тарихтың ғасырлық қадамына салсақ, қас қағым сәт. Жылдарға жүгіндірсек, талай ұрпақ ауысқан ықылым заман!
Бірақ соған қарамастан, кітапхана қалың бұқарасынан ажырамай, сан ұлт пен ұлыстан тұратын Ақжайық ауданының жамағатына қалтқысыз қызмет көрсетіп келеді.
Ақжайық ауданында - 42307 мың халыққа әртүрлі жүйедегі 45 кітапхана қызмет көрсетеді. Оның 1-аудандық кітапхана, 2-орталық балалар кітапханасы, 42 ауылдық кітапханалар, 8-і модельді кітапхана.