Қадешов Закария Тілегенұлы - 1980 жылдың желтоқсан айында армиядан ауылға оралған Закария ағамыз қыстай әкесі Тілеген атамыздың көмекшісі болып жұмыс жасайды. 1981 жылы Чапаев қаласында ДОСААФ жанынан жүргізушілік курсты бітіріп, өзіне бекітілген «ЗИЛ-130» автокөлігімен кеңшарда көп жылдары еңбек етеді. Закария Қадешовтің отбасы – көпке үлгілі, өнегелі жанұя. Жұбайы Мәншүк Қосбаева Каршы ЖОББМ-нің мұғалімі. Екі ұл, бір қыз тәрбиелеп өсірген.
Марапаттаулары:
“Войну - интернационалисту”
“От благодарного – афганского народа”
“70 лет Вооруженных Сил СССР”